Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесу
07
октябрь
2022
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовпен
     М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда Қазақстан Республикасының  оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың Алматы қаласы мектептерінің директорларымен кеңесі өтті.  Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов білім беру саласында болатын өзгерістермен таныстырды. Ағылшын тілі мұғалімдерінің қызметіне тоқталып, енді ағылшын тілі мұғалімдері пәнді меңгеру деңгейін анықтайтын тестілеуден өтетінін, сонымен қатар мектепте 10-11 сыныптар күн сайын ағылшын тілін
Бос лауазымға тағайындау конкурсы комиссиясы отырысының шешімі (орыс тілі)
06
октябрь
2022
Бос лауазымға тағайындау конкурсы комиссиясы отырысының шешімі (орыс
Отбасылық жағдайына байланысты орын ауыстырамын деген мұғалімнің өзінің өтінішіне байланысты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміне 1 бос орынға конкурс жарияланған болатын. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шәкібаева Әселханның кету туралы өтінішін қайтып алуына байланысты бос орынға жарияланған конкурсқа ешкім қабыланбады. 
Кәсіптік бағдар беру
03
октябрь
2022
Кәсіптік бағдар беру
    Кәсіптік бағдар беру мақсатында гимназияның 10-11 - сыныптарына жоғары оқу орындарын таныстыру, мамандық таңдау, халықаралық бағдарламалардың мүмкіндіктері сынды тақырыптар аясында жүргізілген тренинг жұмыстары.
"Білгірлер бәйгесі" тақырыбында жаратылыстану бағыты бойынша сайыс
03
октябрь
2022
"Білгірлер бәйгесі" тақырыбында жаратылыстану бағыты бойынша сайыс
     Қазанның 3-і М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 5-6-сыныптары арасында "Білгірлер бәйгесі" тақырыбында жаратылыстану бағыты бойынша сайыс болып өтті. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар оқушыларымыз білімдерін ортаға салып, таным-түсініктерін кеңейте түсті. Жарыс нәтижесі қаралып, сараланып, үздік шыққан оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.
"Дублер" күніне орай гимназияның "Өзін-өзі басқару" ұйым мүшелері ұстаздарының орнанына мұғалімдік қызмет атқаруы
30
сентябрь
2022
"Дублер" күніне орай гимназияның "Өзін-өзі басқару" ұйым мүшелері
     "Дублер" күніне орай М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның "Өзін-өзі басқару" ұйым мүшелері ұстаздарының орнанына мұғалімдік қызмет атқарды. Жоғары деңгейдегі дайындықпен келген мұғалімдер, оқушыларды бірден үйіріп алды. Жаңа технологиялар мен ерекше жобалар ұсынған мұғалімдердің еңбектері ерекше бағаланып, ұстаздар тарапынан қолдау көрсетілді. Өздеріне ерекше әсер алып, шабыттанған оқушы мұғалімдеріміз қанаттана түсті әрі ұстаздық қызметтің ұлылығын ұғына алды.
Бос лауазымға тағайындау конкурсы комиссиясы отырысының шешімі (аға тәлімгерлік, ДТІЖО)
30
сентябрь
2022
Бос лауазымға тағайындау конкурсы комиссиясы отырысының шешімі (аға
Аға тәлімгерлік және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бос орындарға орналасуға 2022 жылдың 26 қыркүйек пен 05 қазан аралығында конкурс тағайындалды. 30 қыркүйек күні Конкурстық комиссияның ұйғарымы бойынша Конкурсқа түскендердің құжаттары, жұмыстары тексеріліп, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде Лесбекова Ұлмекен, ДТІЖО Утегулова Аканай жұмысқа қабылданды. 
Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай футбол жарысы
29
сентябрь
2022
Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай футбол
Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда футболдан жарыс ұйымдастырылды. 9-10 – сыныптар арасында өткен тартысты жарыс нәтижесі төмендегідей:  І орын – 10 «Ә» сыныбы ІІ орын – 10 «В» сыныбы ІІІ орын – 9 «Д» сыныбы «Үздік қорғаушы» номинациясы – Дюйсенхан Жаслан «Үздік ойыншы» номинациясы – Маханов Дидар «Үздік қақпашы» номинациясы – Мұсырманқұлов Рауан
«Бүркіт» бастауыш  партия  ұйымының жиналысы
28
сентябрь
2022
«Бүркіт» бастауыш партия ұйымының жиналысы
      Қыркүйектің 28-і М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда, «Бүркіт» бастауыш  партия  ұйымының жиналысы өтті. Жиналыс барысында «Бүркіт» бастауыш партия ұйымының төрайымы Тілеубай Сәния Өскенбайқызы Саяси Платформа жобасын талқылап, «AMANAT» партиясы Бостандық аудандық филиалының кезектен тыс XXX конференциясына делегаттарды сайлау жөніндегі ақпаратпен таныстырды.