Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Астаналық оқу-әдістемелік орталық ұйымы
01
март
2021
Астаналық оқу-әдістемелік орталық ұйымы
     Нұр-Сұлтан қаласы оқу-әдістемелік орталық ұйымдастырған, «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты Республикалық ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан 0-11 сыныптар арасында өткен сайыста, жас та болса бас бола білген, М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың 1-сынып оқушысы, Жұмабек Қажымұқан қанжығасын БАС ЖҮЛДЕ-мен майлады. «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»-деп, Абай атамыз айтқандай, осынау қасиеттерді тоғыстырып, бойына сіңдіре білген оқушымыздың 
И.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы
01
март
2021
И.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы
     Әуезов көшесі, 175 мекенжайында орналасқан И.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасының ауқымды жөндеу жұмысынан кейін қайта ашылуы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына тұспа-тұс келді. Осыған орай кітапхананың ашылу салтанатына М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың Жәлімбетов Манарбек, Оспанов Қайыржан, Тұяқбаев Бекзат бастаған шығармашыл ұстаздары мен оқушылары, ақын жырларынан шашу шашып, әндерін әуелетіп, өз үлестерін қосып қайтты.  «Өзінің шәкірттеріне еңбектен
Алғыс айту күні
27
февраль
2021
Алғыс айту күні
      Гимназияда  “Алғыс-сөздің асылы” атты презентациялар мен бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды. Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған байқаудың мақсаты - мектеп ішінде, оқушылар, ұстаздар арасында жағымды орта қалыптастыру. Байқау 5 және 9 сыныптар арасында өткізілді және шарты бойынша оқушылар өз презентациялары мен бейнероликтерін электронды поштаға жолдады. Байқау қорытындысы ZOOM бағдарламасы арқылы өткізілді. Орын алған оқушылар алғыс хатпен марапатталды.
1-наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
26
февраль
2021
1-наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
1-наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясының 5,11-сынып арасында "Қауіпсіздік білу - біздің басты міндет" атты тақырыбы аясында Төтенше жағдайдың алдын алу жаттығулары, ашық тәрбие сағаттары, сурет салу, шығарма жазу іс-шаралары өткізілді.
«Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығы
26
февраль
2021
«Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығы
       «Лидер.kz» Халықаралық интеллектуалды білім орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың (1931-1976) 90 жылдығына орай ұйымдастырылған «ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК» атты Республикалық оқушыларға арналған байқауында жеңімпаз атанып, ерекше шығармашылық дарынымен көзге түскені үшін М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың оқушысы Ануарбекова Диана Ерікқызы жүлделі  І  дәрежелі дипломмен марапатталды. Жоғарыда аталған сайыста «МӘНЕРЛЕП ОҚУ» номинациясы бойынша Молдағали
"Айтыс- сөздің майданы" атты қалалық жас ақындар айтысы
20
февраль
2021
"Айтыс- сөздің майданы" атты қалалық жас ақындар айтысы
      Алматы қаласының Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырған "Айтыс- сөздің майданы" атты қалалық жас ақындар айтысында мектебіміздің 11 В сынып оқушысы Серік Елдос үздік атанды. Сөз бәйгесінде қарсыластарын қапыда қалдыра білген Елдос, өзінің нағыз бабындағы жас айтыскер ақын екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қиыннан қиыстырып, сүбелі сөз, салмақты ой айта білген шәкіртіміздің өнерін әділ-қазы алқасы жоғары бағалады. Серік
"Tutor Up" білім беру орталығы
18
февраль
2021
"Tutor Up" білім беру орталығы
      М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың талапты әрі алғыр шәкірті - Түлепберген Сұңқар Еркенұлы, Tutor Up білім беру орталығы 14.02.2021ж ұйымдастырған Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Мұқағали – мәңгілік жыр» атты балалар арасындағы конкурсқа қатысып, сертификат иегері атанса, Республикалық  «Жас Дарын» және «ӨРЛЕУ» порталдарының ұйымдастыруымен Қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдығына орай ұйымдастырылған ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу шығармашылық
«Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебі
13
февраль
2021
«Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебі
      «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталық пен «Zerdeli» ақыл-ой дамыту мектебі ұйымдастырған, Алматы қаласы білім беру мекемелерінің 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен өткен «Алтын сақа» мегаполис олимпиадасына М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың озық ойлы шәкірттері: Сүйіндік Заңғар, Калимулла Бейбарыс, Әділ Ақзер қатысып, ІІІ дәрежелі диплом мен 5000тг сертификат иегерлері атанды. Сонымен қатар, «Zerdeli» ақыл-ой дамыту
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы
13
февраль
2021
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы
     Көрнекті ақын, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» атты кітап көрмесіне оқушылардың белсенді қатысуына ықпал етіп, кітап оқу мәртебесін арттыруға және ақын шығармашылығының насихатталуына қосқан ерекше үлесі үшін М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың, кітапхана меңгерушісі Тоқтабулатова Нурбике Қожақметқызы, алғыс хатпен марапатталды. Мектеп ұжымы атынан құттықтай отырып, алғысымызды