Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ән байқауы
13
февраль
2023
Ән байқауы
13.02.2023 5-11 сынып оқушылары, ата-аналары арасында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндер байқауы өтті. Байқауға ата-аналардан бөлек, сынып жетекшілері де қатысып, бақ сынады. Әкелер, аналар, ата-әжелер ән салған бұл кеш өте қызықты өтті. Қатысушылар "Үздік әнші", "Үздік жұп", "Үздік орындаушы", "Үздік әуен" номинацияларын иеленді. 
Халықаралық жарыстан шәкіртіміз жүлделі орын иеленді
13
февраль
2023
Халықаралық жарыстан шәкіртіміз жүлделі орын иеленді
1"Ж" сынып оқушысы Алиұлы Алимжан Бишкекте өткен Халықаралық каратэ байқауынан жүлделі 2-орынды қанжығасына байлады. Тамаша жетістік көрсеткен шәкіртіміз үшін қуаныштымыз! Биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! Құттықтаймыз!
Дзюдодан жарыс
11
февраль
2023
Дзюдодан жарыс
Қалалық дзюдо жарысынан  2 "К" сынып оқушысы Азамат Айсултан 3-орын иеленді. Шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз! Биіктерден көрінуіне тілектеспіз! 
Ата-аналар тәрбиесі жайлы әкелер жиналысы
11
февраль
2023
Ата-аналар тәрбиесі жайлы әкелер жиналысы
10.02.2023 жылы бастауыш сынып мұғалімі Айкүміс Сайлауханқызы сыныбында әр әкеге жеке шақырту жіберіп ӘКЕЛЕР ЖИНАЛЫСЫН өткізді. "Галереяға саяхат" тренингін өткізіп, "Менің отбасым" тақырыбында салған балалардың суреттеріне саяхат жасап, әкелер өз баласының салған суреттерін табуға тырысты. 7 әке ғана дәл тапты. 7 әкеден Отбасы мен әкенің ортасындағы көрінбейтін, үзілмейтін байланыс бары анықталды. Жиналысқа 26 оқушының әкелері, екеуінің ағасы келді. Мазмұнды, ерекше жиналыс болды. Ардақ
Үстел теннисінен жарыс
10
февраль
2023
Үстел теннисінен жарыс
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай бүгін мектебімізде 7-8 сынып оқушылары арасында үстел теннисінен жарыс өтті. I орынды 7 "Б" сынып оқушылары, II орынды 8 "А" сынып оқушылары, III орынды 8 "Г" сынып оқушылары иеленді. Баймұхан Жәнібек, Жақсыбай Ислам "Үздік ойыншы" номинациясымен марапатталды.
Үздік мектеп кітапханашысы - 2023
10
февраль
2023
Үздік мектеп кітапханашысы - 2023
Мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Тохтаболатова Нұрбике Қожахметқызы Бостандық ауданының "Үздік мектеп кітапханашысы - 2023" байқауының БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды. Шын жүректен құттықтаймыз! Әріптесімізге шығармашылық табыстар тілейміз!
Ата-аналар Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді орындап шықты
10
февраль
2023
Ата-аналар Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді орындап шықты
Бүгін мектебімізде ата-аналар арасында "Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған..." атты   Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндердің байқауы өтті.  Сегіз қырлы, бір сырлы ата-аналарымыз бар өнерлерін ортаға салып, қошеметке ие болды. Қатысушылар байқауға әдемі әсер сыйлап, өзгеше тебіреніс енгізді. Осылайша күні бойы мектебімізді ән тербетіп, ақынның рухы туған дала төсінде асқақатап тұрғандай әсер қалдырды.
"Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған"
09
февраль
2023
"Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған"
Құрметті ата-аналар! Сіздерді "Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған" атты ата-аналар арасында өтетін ән байқауының қадірлі қонағы болуға шақырамыз!