Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Гимназия аймағына 100 тал егілді
18
апрель
2021
Гимназия аймағына 100 тал егілді
Әр талды егіп, дедің: "Өссін, көгерсін!", Әлі-ақ ертең жайқалғанын көрерсің. Өскен кезде өзгелерге көрсетіп, "Тал еккін!" деп кеңес айта жүрерсің. Сен еккен тал ертең жаяр жапырақ. Әр бұтағы өніп-өсер шашырап. Жасыл желек аймағына айналар, Кеше ғана бос жатқан бұл атырап. Еккен талды саялайды талай жан, Көлеңкелі жер таптым деп маңайдан. Тостағандай құс ұясын көрерсің, Төбесінен әрбір талдың қарайған. Жердің тоңы жібігенде тал ектің, Барын берер адамзатқа керектің. Осы жерден жәндіктер де
“Грэпплинг” бойынша Қазақстан Чемпионаты
17
апрель
2021
“Грэпплинг” бойынша Қазақстан Чемпионаты
    Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру комитетінің ұйымдастыруымен, 12-13 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында өткен “Грэпплинг” бойынша Қазақстан Чемпионатында, гимназиямыздың жан-жақты, алғыр шәкірті - Уалихан Алдияр, 42кг салмаққа дейінгі жарыс додасында,  жүлделі ІІІ дәрежелі дипломды қанжығасына байлады.
Чернобыль атом электростанциясы
16
апрель
2021
Чернобыль атом электростанциясы
   Биыл Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апаттың орын алғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай  М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда 7 сыныптар арасында онлайн дөңгелек үстел өтті. Дүниежүзіндегі атом энергетикасы тарихындағы ең ірі жарылыстың зардабын жоюға 800 мыңдай адам қатысса, оның 32 мыңы қазақстандық еді. КСРО құрамына кіретін 15 республикадан әскерилер мен партизандық қызметке қосымша күштер тартылды. Олардың ішінде қазақстандық азаматтар да бар еді. Алайда атом станциясынан
«BIG BEN» Халықаралық академиясы
15
апрель
2021
«BIG BEN» Халықаралық академиясы
   Халықаралық академияның  «BIG BEN»  ағылшын тілі бойынша өткізген байқауында Мусабек Айшабибі - І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ілім - білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында ел кәдесіне жарататын болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болуларына тілектеспіз.
Республикалық Sabaq.kz сайты
15
апрель
2021
Республикалық Sabaq.kz сайты
    Республикалық Sabaq.kz  ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайты өткізген Математика пәнінен оқушылар арасында қашықтық олимпиадасында М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың шәкірті - Донаев Абылай Санатович, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
ІІ Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасы
15
апрель
2021
ІІ Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасы
    Дарын онлайн білім беру платформасы мен Қазтест олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған ІІ Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның ұлағатты ұстазы Ляззат Сыздыкова ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Таңғы Хабар» бағдарласы
15
апрель
2021
«Таңғы Хабар» бағдарласы
     Шәкірт жүрегінен орын алған Ұстаз бақытты!Ұядан ұшып, кетіп жатқан ӘР шәкірттің ойында, өмірінде мектеп өмірі, мұғалім келбетінің қалары сөзсіз .. Алайда, ыстық ықыласын арнайтын шәкірттер некен - саяқ болып жатады. М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың түлегі Алихан Байсултановтың Хабар телеарнасындағы «Таңғы Хабар» бағдарласында берген жүрекжарды сұхбаты, жылтыраған бұлақтың көзін ашып, дарияға айналуына себепші болған ұстаздарының көңіліне қуаныш ұялатқаны сөзсіз. Бұл гимназиямыздың
Халықаралық «Кенгуренок»  математикалық байқауы
15
апрель
2021
Халықаралық «Кенгуренок» математикалық байқауы
    «А» академиясы ұйымдастырған Халықаралық «Кенгуренок»  математикалық байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталған М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың шәкірттері: Тогай Арнияз, Абдікалык Арнур, Джумаканов Куаныш, Абіш Ақботаны жеңістерімен құттықтаймыз. Осы аталған Халықаралық академияның  «BIG BEN»  ағылшын тілі бойынша өткізген байқауында Мусабек Айшабибі - І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ілім - білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында ел кәдесіне жарататын
https://shakirtonline.kz/ сайты
15
апрель
2021
https://shakirtonline.kz/ сайты
https://shakirtonline.kz/ Сайтында өткен Республикалық қашықтықтан «2-сынып Математикасы» бойынша өткен онлайн олимпиадасында жеңіске жеткен гимназиямыздың мақтаныштары: Спандияр Ақылжан Ғалымжанұлын - І дәрежелі дипломымен, Қабдуллин Алишерді ІІ дәрежелі диплом марапатымен құттықтаймыз.
"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы
15
апрель
2021
"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы
   «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның бітіруші түлектері: Ахмет Олжас, Шәріпбай Батырхан - І дәрежелі, Әбдіманап Дана мен Еркін Қазына - жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  Жүсіп Баласағұни, «Адам бойындағы ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл» - демекші, осынау асыл