Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
декабрь
2021

«Дені саудың – жаны сау»

     Қыркүйек айынан бастап гиназиямызда «Дені саудың – жаны сау» атты ұранмен түрлі спорттық іс-шаралар өтуде.Бұндай спорттық іс-шаралардың мақсаты оқушылар бойына бар жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаман әдеттерден қашық болуға баулу сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жеке бас гигиенасына да көңіл бөлуге тәрбиелеу. 
Сонымен қатар гимназиямызда түрлі үйірмелер бірінші күннен-ақ қызу жұмыстарын бастап кеткен. Мәселен:шахмат, күрес, теннис үстелі, баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ ойындарына апта сайын оқушылар тарапынан қызығушылықтар артып келеді. Гимназия шәкірттерін шыдамды, төзімді болумен қатар, алға қойған негізгі мақсатымыз кез-келген ауруларға төтеп бере алатын иммунды жүйелері мықты оқушыларды шығару. Дене жаттығуларымен айналысқан оқушыларымыз дұрыс тамақтану мен уақытты тиімді пайдаланудың ережелерін бұлжытпай орындауға тырысады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: