01
июнь
2026
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЕЙНЕБАЙҚАУДАҒЫ ЖЕҢІС
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай И.А.Крылов атындағы қалалық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында балалар жазушысы Айнұр Мұратпен «Ертегілер елінің болжамы» атты ерекше форматтағы шығармашылық кездесу өтті.
Кездесу аясында автордың «Бақбақтың арманы» шығармашылық бейнебайқауының қорытындысы жарияланды. Бір ай бойы байқауға қатысушылар Айнұр Мұраттың «Шапшаң тасбақа» кітабындағы алғашқы ертегі желісі бойынша бейнероликтер әзірлеп, өз шығармашылық қабілеттерін танытты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен, қаржылай сертификаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Аталған республикалық байқауда М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 1 «Е» сынып оқушылары да үздік нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанып, автордың арнайы сыйлықтарына ие болды.
Жеңімпаз оқушыларымызды, ата-аналарын және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Жас дарындардың шығармашылық табыстары арта берсін!
Бейнематериалға сілтеме