03
июнь
2026
ҚАЛАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУДАҒЫ ЖЕҢІС
Алматы қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен бастауыш сынып педагогтері мен оқушылары арасындағы «Бақытты балалық шақ» қалалық шығармашылық байқауында гимназиямыздың оқушылары жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.Байқаудың «Балалар үні» мәнерлеп оқу бағыты бойынша Ержан Айзере І орын иеленсе, «Бақытты отбасы» бейнеролик бағыты бойынша Мұхамедраим Сафа ІІ орынға лайық деп танылды. Ал «Шебер қолдар» қолөнер бағыты бойынша Мукужанова Зере ІІІ орынға ие болды.Жеңімпаздарды байқауға дайындаған жетекшісі – Айгүл Елжасқызы.
Гимназиямыздың дарынды оқушыларын, олардың ата-аналарын және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Жеткен жетістіктеріңіз жаңа жеңістерге жол ашып, шығармашылық шабыттарыңыз арта берсін!





Гимназиямыздың дарынды оқушыларын, олардың ата-аналарын және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Жеткен жетістіктеріңіз жаңа жеңістерге жол ашып, шығармашылық шабыттарыңыз арта берсін!










