Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ КЕЗЕҢІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ – ТАБЫСТЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
20
май
2026

ҰБТ КЕЗЕҢІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ – ТАБЫСТЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ

Алматы қалалық ППҚ орталығының ұйымдастыруымен Бостандық ауданы 11-сынып оқушыларының ата-аналарына «ҰБТ тапсыру кезеңінде білім алушыларды психоэмоционалдық қолдау және сүйемелдеу» тақырыбында форум өтті.
Жиналыс барысында ППҚ орталығының әдіскері Аяулым Айдынқызы түлектердің психологиялық тұрақтылығын сақтау, мазасыздықтың алдын алу және емтихан алдындағы кезеңде балаға қолайлы орта қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстарын ұсынды.
Гимназия психологы Асыл Асқарқызы жасөспірімдердің эмоционалдық күйі, ата-ананың қолдауы мен сенімді қарым-қатынастың маңыздылығына мән беріп, балаларға қысым көрсетпей, мотивация берудің тиімді жолдарымен бөлісті. Жиналыс соңында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Бұл жиынға гимназияның ұстаздары мен ата-аналары қатысты.\





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: