17
март
2026
«Домбыра үні» флешмобы
Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен шаһардың 11 500 оқушысын біріктірген «Домбыра үні» флешмобына гимназияның 150-ден астам шәкірті қатысты.
Ауқымды іс-шара барысында оқушылар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Еңсеповпен бірге Құрманғазының «Балбырауын», Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйлерін, Төлеген Мұхамеджановтың «Балалық шақ», Алтынбек Қоразбаевтың «Сағындым Алматымды» шығармаларын орындады.





