10
декабрь
2025
«5Е моделін қолдана отырып география, биология және тарих пәндерін оқыту» қалалық семинары
10 желтоқсан күні М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда «5Е моделін қолдана отырып география, биология және тарих пәндерін оқыту» тақырыбында қалалық деңгейдегі мазмұнды семинар өтті. Іс-шара барысында 5Е моделінің әр кезеңінің мәні мен пәндік оқытудағы орны жан-жақты талданып, тәжірибелік ұсыныстар ортаға салынды. Engage (қызықтыру) кезеңінің маңыздылығын ашу үшін сөз кезегі тарих пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Бақтияр Үсенұлына берілді. Ол оқушы назарын сабақ басында дұрыс бағыттаудың әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Explore (зерттеу) кезеңі бойынша ғылыми-ізденіс жұмысының тиімділігін биология пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Бектенбай Даулетжан Талантұлы тарқатып түсіндірді. Explain (түсіндіру) кезеңінің мазмұны мен оқушы түсінігін қалыптастыруға бағытталған тетіктерді география пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Шыңғысов Жомарт Жексенбайұлы ұсынды. Elaborate (тереңдету) кезеңі туралы әдістемелік ұсыныстарымен тарих пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Байдаулет Елнұр Қанжарбекұлы бөлісті. Evaluate (бағалау) кезеңінің ерекшеліктерін, оқушылардың оқу нәтижелерін әділ бағалаудың тиімді тәсілдерін география пәні мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер Қарғабаева Ләззат Төлеуқызы таныстырды.
Шара соңында кәсіби құзіреттілігін арттыруға, 5Е моделін оқу үрдісіне тиімді енгізуге бағытталған бұл семинарға қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.


Шара соңында кәсіби құзіреттілігін арттыруға, 5Е моделін оқу үрдісіне тиімді енгізуге бағытталған бұл семинарға қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.







