Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
сентябрь
2025

Әр әріп – тағдыр, әр сөз – тарих





Тілдер мерекесі қарсаңында Алматы қаласы ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-де «Әр әріп – тағдыр, әр сөз – тарих» тақырыбындағы жанды кітапхана жобасы өтті.  «Жанды кітапхана» (кейде «тірі кітапхана» деп те аталады) – бұл ерекше форматтағы мәдени-ағартушылық жоба. Оқушылар «кітап» рөлінде, ал кітапханаға келген оқырмандар  кітаппен емес, жобаға қатысушылармен тілдесіп, пікір алмасты. Өздерінің кітап сүйер оқырман екенін дәлелдеп,  оқыған-тоқындарын ортаға салды.  Шара басталмас бұрын жобаның өтілуін бақылайтын қазылар алқасы  таныстырылды.Ана тіліміз – болашаққа бастар шамшырағымыз. Сол шамшырақтың жарығын өшірмей, мәңгілік елдің мұратына айналдыру – біздің қасиетті міндетіміз. Осы мақсатта сынып  оқушылары жеребе арқылы «Тіл-тамыр», «Тіл-тағдыр», «Тіл – тарих» деп 3 топқа бөлініп отырды.
1-кезеңде қатысушыларға арнайы даналық сөздер беріліп,  түйінді ойды ана тілімен байланыстырып, мазмұнын ашу жүктелсе,  2-кезеңде берілген суреттер бойынша жасырынған мақал-мәтелдерді тауып, оны орысша, ағылшыншаға аударып,  мағынасын түсіндіру тапсырылды. Ана тілі – біздің болашағымыздың кілті. Тіл жоғалса, сол халықтың болмысы да жоғалады. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тілі – ата-бабамыздың аманаты, болашақ ұрпақтың мәңгілік мұрасы. Осы тұжырымды ұстану үшін  3-кезеңде TikTok, Instagram, Facebook-тегі тілдің қолданысына байланысты мысал берілді, оқушылар соны талдап, тіл тазылығын сақтау жайлы ойын айтты. Бүгінгі таңда қазақ тілінің мәртебесін көтеру – мемлекетіміздің басты мақсатының бірі. Ана тілін ардақтау – әрбір азаматтың парызы. Өйткені тіл – ұлтты сақтап қана қоймай, оны алға жетелейтін күш. Әлемдік жаһандану дәуірінде ана тілімізді қорғап, оның қолдану аясын кеңейту – жастардың қолында. Міне, осы бағытта 4-кезеңде өлең жолдары ұсынылып, оның ұйқасын табу тапсырылса,  5-кезеңде  әр топ берілген терминдердің қай пәнге тән екенін атап, сол сөздерді пайдаланып, тіл туралы қанатты сөз құрастыру тапсырылды. Жоба соңында өздерінің ойын айтып, алған әсерлерімен бөлісті.
Қазылар алқасының шешімі шығарылғанға дейін, барлық қатысушылар бірлесіп: «Тілге құрмет – елге құрмет!» деген ұранмен  челлендж түсірілді. Қазіргі таңда ана тілімізді дамыту мақсатында көптеген игі істер, жаңа бастамалар жүзеге асырылуда.  Тілді күнделікті өмірде сауатты, шұбарламай қолдану, оны жүрекпен сүю – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстарды жандардыру жоспарда. Тілдер мерекесі қарсаңында өткізілген аталмыш шара оқушыларға ерекше шабыт сыйлады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: