Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
октябрь
2023

Қарттарым - асыл қазынам

7 «А»  және 7«Б»  сынып оқушылары Бостандық ауданында орналасқан «Қамқор»  әлеуметтік үйіне барып,  қариялармен кездесіп қайтты (қарсы алған әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман  Абдилова Кенже Бекмурзаевна). Кездесуге әр оқушы ерекше ықыласпен дайындалды. Ата-аналарының көмегімен ата-әжелерге тәтті алып,  дәрумені көп жеміс-жидек таңдапты... 
 
Қарттардың көңілін көтеріп, М. Мақатаев өлеңдерінен жыр шумақтарын Ким Аркадий,  Өмірәлі Бағдат, Нұрболат Әмірхан,  Нұрболатұлы Мұнар,  Ошырақын Айдос,  Зулхарнай Дінмұхаммед,  Алсеитов Алтынбек оқыды.  Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне «Катюша»  әнін Медина Нұрахмет орындаса,  Раисова Анеля,  Бақытжан Інжу,  Қанат Дания «Бәрінен де сен сұлу»  әнін әжелерге арнады. Садықбек Искандер,  Ахметов Нұрали,  Сағатбек Әлихан күй-тартыс өнерін көрсетті. Оқушылардың шағын концертін жүргізгендер- Махсат Әбдмүтәллиб пен Боранбай Адия.  

Әлеуметтік үй тұрғыны,  еңбек ардагері Кенжебулатов Қайрат ата балаларға ақылын айтып,батасын берді.  Үйден шыға алмаған қарттарды оқушылар жеке барып құттықтап,  алғысқа бөленді. Әлеуметтік үй тұрғындары қатарында соғыс ардагері Загородников Сергей Фёдорович және еңбек фронтының он үш ардагері бар екенін көріп қайтты. 





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: