Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-сыныптардың бітіру кешіне қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы табан тіреді
13
июнь
2022

9-сыныптардың бітіру кешіне қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы табан тіреді

    Өмірдің бір белесінен өтіп, жаңа асуына аяқ басқан 9-сынып оқушыларының негізгі мектеп курсын бітіру кешіне қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызы табан тіреді. Шәкірттеріміздің мерекелік кешін тамашалап, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың әрбір өнеріне сүйсіне қараған жанарынан ұлтқа деген қамқорлық пен мақтаныш ұшқыны көрінді десек, артық айтқанымыз емес. Гимназия басшысы Сәния Өскенбайқызының бастамасымен гимназияның тыныс-тіршілігімен таныс болған ұлт жанашыры, қазақтың ұлттық құндылықтарымен жабдықталған қабырға тақталарына сүйсініп, ризашылығын жеткізді. Мемлекеттік мөр басылған құжат тапсыру барысында оқушыларға күш-жігер беріп, аналық ақ тілегі мен жылы лебізін арнаған алтын ұстазға айтар алғысымыз шексіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: