Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 97
Таеквондодан Алматы облысының ашық біріншілігі
13
декабрь
2021
Таеквондодан Алматы облысының ашық біріншілігі
     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Таеквондодан Алматы облысының ашық біріншілігінде, 10-11 жас аралығында  36+ салмақ дәрежесінде І орын алғаны үшін гимназия шәкірті Дүйсебай Нұриман марапатталды. 
«Біз Мақатаев мектебінің түлегіміз» атты І форум ұйымдастырылды
13
декабрь
2021
«Біз Мақатаев мектебінің түлегіміз» атты І форум ұйымдастырылды
     М. Мақатаев атындағы мектепті бітірген түлектердің басын қосу, желілік қоғамдастық құру, түлектердің мектеппен шығармашылық байланысын нығайту, бітірген мектебіне, ұстаздарына деген құрметтерін арттыру мақсатында 2021 жылдың 11-і желтоқсанында ауқымды көлемде «Біз Мақатаев мектебінің түлегіміз» атты І форум ұйымдастырылды. Бұл күн – гимназия тарихында қалар ерекше атаулы күндердің бірі әрі бірегейі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл, гимназиямыз атын арқалаған ақиық ақын М.
"Abai TV" телеарнасы
10
декабрь
2021
"Abai TV" телеарнасы
      Жуырда ғана "Сарасөзде"  өзінің дара жолын арқау еткен Ұстаздардың Ұстазы Сәния Өскенбайқызының ғибрат пен тағлымға толы, әсерлі   сұқбаты көрерменіне жол тартты. Сүбелі сөздің құдіретін танытып, ой өрнегін кестелеп, әрбір көрерменнің жанын тебіренткен кездесуде Сәния Өскенбайқызы ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибесімен бөлісті, көпшіліктің жүрек түкпіріндегі сансыз сұрақтарының астарын зерделеді. Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы екенін және ұлтшыл ұрпақ тәрбиелеу- ата- ана мен ұстаздың еншісінде
Қалалық “Үздік ата-аналар жиналысы” байқауының қорытындысы
09
декабрь
2021
Қалалық “Үздік ата-аналар жиналысы” байқауының қорытындысы
    Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдығына орай рухани, әлеуметтік даму жолында және білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін және де “Үздік ата-аналар жиналысын” өткізуге үлкен педагогикалық үлес қосқаны үшін  N140 мектептің мұғалімі Темурбаева Сафура Сәлімбайқызы, Алматы қаласы Білім басқармасының грамотасымен марапатталды. Гимназия абыройын асқақтатып жүрген аяулы ұстазымызды марапатымен шын жүректен
«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы
09
декабрь
2021
«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы
    Елімізде «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтілетін «Ақ Бота» зияткерлік олимпиадасы биыл да өзінің  дәстүрлі білім сайысын өткізді. 2021 жылғы 30 қараша мен 5-желтоқсан аралығында жалпы білім беретін мектептерге арналған «Ақбота» зияткерлік олимпиадасына гимназиямыздың бастауыш 3-4-сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Талапты да зерек шәкірттерімізді шын жүректен құттықтаймыз. 
Алматы қаласының мәдениет басқармасы
09
декабрь
2021
Алматы қаласының мәдениет басқармасы
      Алматы қаласының мәдениет басқармасы, ҚР жазушылар одағы, М.Мақатаев халықаралық қоғамдық қорының жауапкершілігімен ұйымдастырылған халықаралық «Кел болашақ» байқауында, «Көркем сөз» номинациясы бойынша өнер көрсеткен М.Мақатаев атындағы 140 гимназияның талапты шәкірттері үздік өнер көрсетіп, марапатталды. Талантты шәкірттеріміздің жетекшісі - Тұяқбаев Бекзат Мұхамедрайымұлы арнайы дипломмен марапатталды. 
"Жас Ұлан" өзін-өзі басқару ұйымы
07
декабрь
2021
"Жас Ұлан" өзін-өзі басқару ұйымы
    "Жас Ұлан" өзін-өзі басқару ұйымы мектепшілік кез-келген іс-шараларға бірінші болып қатысып,ұйымдастыруға , өзге оқушыларға үлгі болуға барынша тырысады. Соның бірі желтоқсан айында өткізілген "Жастар нашақорлыққа қарсы " атты  акциясы. Дені сау, тәні таза, рухы өр азаматтар тереңінен ойлап, улы заттарды тұтынудың түбі құрдымға апарары анық екенін біліп, барынша осы қасіреттен арылудың шешімін табуға тырысты.
«Дені саудың – жаны сау»
07
декабрь
2021
«Дені саудың – жаны сау»
     Қыркүйек айынан бастап гиназиямызда «Дені саудың – жаны сау» атты ұранмен түрлі спорттық іс-шаралар өтуде.Бұндай спорттық іс-шаралардың мақсаты оқушылар бойына бар жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаман әдеттерден қашық болуға баулу сонымен қатар, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жеке бас гигиенасына да көңіл бөлуге тәрбиелеу.  Сонымен қатар гимназиямызда түрлі үйірмелер бірінші күннен-ақ қызу жұмыстарын бастап кеткен. Мәселен:шахмат, күрес, теннис үстелі, баскетбол, волейбол,
№29 балалар  кітапханасы
07
декабрь
2021
№29 балалар кітапханасы
     №29 балалар  кітапханасында Желтоқсан оқиғасына қатысқан ақын Аманғазы Кәріпжанәулеті және дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісовамен кездесу өтті. М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 3 "Г" сынып оқушылары және 3 "А" сынып оқушылары "Тәуелсіздік" тақырыбындағы өлең жолдарын тарту етті. Бұл кездесуде желтоқсан оқиғасы еске алынып, тәуелсіздік жолындағы батырлардың ерен еңбектері айтылды. Мәнді де мағыналы, патриоттық рух беретін салиқалы сыр шертілді. Аталмыш шара оқушылардың танымы мен сезіміне,
"Кел болашақ" байқауы
04
декабрь
2021
"Кел болашақ" байқауы
     Сиқырлы сазға бай - жетіген аспабында шебер ойнайтын гимназия шәкірттері, халықаралық "Кел болашақ" байқауында бас жүлде иегерлері атанды!!!