Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 100
Елордада Мұқағали Мақатаев атындағы Мәжіліс залының ашылу салтанаты
17
ноябрь
2021
Елордада Мұқағали Мақатаев атындағы Мәжіліс залының ашылу салтанаты
     Биыл, Мұқағали Мақатаевтің туғанына 90 жыл. Елордадағы ұлттық академиялық кітапханада Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев атындағы Мәжіліс залының ашылу салтанаты өтті. Бұл, мұзбалақ ақынның мол мұрасын насихаттап, рухани тағылымын қалыптастыратын ортаға септігін тигізері сөзсіз.  Ақын атындағы зал оның шығармаларымен көмкерілген. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев; мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым,
«Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы
16
ноябрь
2021
«Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты
      М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда орта буынға аяқ басқан 5-сыныптардың ата-аналар жиналысы өтті. «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» тақырыбындағы жаңа форматты ата-аналар жиналысы болды. Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен ұстаздың ерекше рөлін айқындай отырып, «Сырласу» студиясын ұйымдастырды. Бүгінгі балалардың қоғамдағы рөлін, жасөспірімдердің кезек күттірмейтін мәселелері талданды. Мектебіміздегі қалыптасқан дәстүр бойынша ата-ана – ұстаз – оқушы үштігі өз жұмысын зор қарқынмен бастады.
«Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың міндеттері» тақырыбында сынып
13
ноябрь
2021
«Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың
    13.11.2021 жылы 5-11-сынып оқушыларына «Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары және олардың міндеттері» тақырыбында сынып сағаты өтті. Бала құқығы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңында айтылған. 53 баптан тұратын бұл заң балалар мен жасөспірімдердің жеке мүддесін қорғауға, тұлға ретінде тануға және қалыптастыруға жол береді. Сынып сағатында оқушыларға бала құқығы мен оның міндет-мақсаттары толықтай таныстырылып, түсіндірілді. 
«Жолда жүру қауіпсіздігі»
13
ноябрь
2021
«Жолда жүру қауіпсіздігі»
    Кезекті сынып сағаты «Жолда жүру қауіпсіздігі» тақырыбында болды. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстырып, өмір қауіпсіздігі түсіндірілді. Жол қауіпсіздігін сақтау және білу, ұстану әрбір адамның міндеті. Сынып сағатында жол ережелері айтылып, тыйым белгілері таныстырылды. Оқушылар мектептепке келіп-кетуде барлық жол ережесін ескеріп, бұзбауы ерекше атап өтілді. 
Алматы қаласының бүкіл стильдік ашық турнирі
11
ноябрь
2021
Алматы қаласының бүкіл стильдік ашық турнирі
     Қарашаның 2-сі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Қазақстанның спорт және туризм академиясында каратэ мамандандыруының ашылуына 20 жыл толуына орай, бірінші Алматы қаласының бүкіл стильдік ашық турнирі өтті. 10-11 жас аралығындағы балалар арасында өткен жарыстан  гимназияның 5 «Д» сынып оқушысы – Талғатұлы Ілияс, ІІ орынды иеленді. Көк туымызды әлемдік аренада желбіретін спортшы болуына тілектеспіз!
Халықаралық би конкурсы және таэквондо жарысы
11
ноябрь
2021
Халықаралық би конкурсы және таэквондо жарысы
    М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның  5 «Е» сынып оқушылары күзгі демалыста түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Тойбазар Амина халықаралық би конкурсынан бас жүлдені иеленді, Бейсен Арсен шахмат жарысынан ІІІ разрядқа өтсе, Боранбай Байсұлтан таэквондодан өткен  жарыста алтыннан алқа тақты. Оқушыларды және бала жанынан табылып, қолдау көрсеткен ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Сыныпта ата-аналар жиналысы
10
ноябрь
2021
Сыныпта ата-аналар жиналысы
    10.11.2021 жылы гимназиямызда 5 «Е» сыныбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Ұлағатты ұстаз Сафура Сәлімбайқызы жүргізген ата-аналар жиналысы мектеп – ата-ана – оқушы үштігінің дәстүрлі беріктігін сақтауға бағытталған. Жиналыс барысында ата-аналарға түрлі сауал қойып, ортақ шешім, жауап берілді. Аталмыш жиналыста «Альфа ұрпақ жайлы не білесіз?», «Ата аналарға кеңес» сынды тақырыптарда бейнебаяндар қойылып, бала тәрбиесі мен қалыптасуы төңірегінде пікір алмасты. 
“Мұзбалақ” пікірсайыс клубының  кезекті жиналысы
10
ноябрь
2021
“Мұзбалақ” пікірсайыс клубының кезекті жиналысы
   М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда қарашаның 10-ы күні, пікірталас қозғалысын дамыту мақсатында “Мұзбалақ” пікірсайыс клубының  кезекті жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында Америкалық парламеттік форматының қыр-сыры түсіндіріліп, ақпарат алмасылды. Жиналысқа 7,8,9-сынып оқушылары қатысып, ойын қағидаларымен таныс болды.  Жаңа тақырыптар талданып, қызу талқыға түсті. Алдағы уақытта клуб жиналыстары ұйымдастырылып, аудандық бәсекелерге дайындық жұмыстары жүргізілмек.