Ата-аналар жиналысы
“Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталығы” бағдарламасы аясында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиынның басты мақсаты – ата-аналарға бала тәрбиесіндегі педагогикалық қолдаудың маңызын түсіндіру, мектеп пен отбасы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, оқушының жан-жақты дамуына ықпал ететін ортаның жұмысын жандандыру.