Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әлемдік аренада топ жарған - Сұлтан
09
февраль
2024
Әлемдік аренада топ жарған - Сұлтан
140-тың шәкірті Әлемдік аренада топ жарды! Ақпан айының 02-08 аралығында Біріккен Араб Әмірлігінде өткен “FUJAIRAN OPEN” халықаралық турнирде 4Г сынып оқушысы Рахмет Сұлтан Базарбайұлы топ жарып, ІІІ орынды иеленіп, көк туымыз көкте желбіреді. 
Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!
09
февраль
2024
Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай!
Бүгін - қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Өлең өлкесінде өшпестей із қалдырған Мұқағали жыры тілге жеңіл жүрекке жылу беретінімен ерекше. Сол себепті де ақын өлеңін бесіктегі баладан, еңкейген қарияға дейін жатқа оқиды. Мұзбалақ ақын атындағы ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы № 140 гимназия» МКК-де 9 ақпан күні ертеңгілікте оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыды. Сонымен қатар Мұқағали айлығы аясында «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» мәнерлеп оқу,  «Поэзия
Өнегелі һәм өнерлі хор - "BEREKET"
09
февраль
2024
Өнегелі һәм өнерлі хор - "BEREKET"
ШЖҚ "М.Мақатаев атындағы #140 гимназия" МКК-нің "BEREKET” атындағы балалар хоры ақпанның 9-ы ақиық ақын М.Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған Евразия бірінші телеарнасындағы "Қайырлы таң" бағдарламасында қонақ болып, мұзбалақ ақынның сөзіне жазылған "Үш бақытым" әнін орындады. Жетекшісі: ҚР Мәдениет майталманы, эстрада әншісі , М.Мақатаев атындағы #140 гимназияның музыка пәнінің ұстазы - Берекет Теміртайұлы. https://www.instagram.com/reel/C3HddwntYvG/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жақсыны көрмекке
09
февраль
2024
Жақсыны көрмекке
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлнар Уайсқызының 70 мерейтойына арналған халықаралық "Білім алушылардың тілдік функционалдық сауаттылығын дамыту: теория және тәжірибе" атты дөңгелек үстелге  әріптесіміз Айкүміс Сайлауханқызы шәкірттерімен қатысты. Ұйымдастырушылардың өтінішімен шәкірттеріміз Мұқағали аталарының жырларын жатқа оқып, домбыра құлағында ойнады . Шәкірттеріміз Ресей, Белоруссия,т.б елдерден келген үлкен ғалым, академиктердің ризашылығына бөленіп, баталарын алып