Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Халықаралық конкурс жеңімпазы
31
январь
2023
Халықаралық конкурс жеңімпазы
Халықаралық “Almaty stars” шығармашылық байқауында 10Б сынып оқушы Ибраева Қарақат эстрадалық вокал номинациясы бойынша I орын иеленді. Шәкіртімізді жеңісімен шын жүректен қуаныштымыз! Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіне тілектеспіз. Құттықтаймыз!!!
Роботехника бойынша қалалық турнирде шәкірттеріміз жеңіске жетті
30
январь
2023
Роботехника бойынша қалалық турнирде шәкірттеріміз жеңіске жетті
10-сынып оқушылары робототехника бойынша қалалық турнирде II орын иеленіп, Астана қаласында өтетін Республикалық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!
Шаңғы тебуден эстафеталық жарыс нәтижесі
28
январь
2023
Шаңғы тебуден эстафеталық жарыс нәтижесі
15-17 жас ерекшелігі аралығындағы Әуезов ауданының арасында шаңғы тебуден өткен эстафеталық жарыста 5 "Г" сынып оқушысы Демеш Айша III орын иеленді. Шын жүректен құттықтаймыз! Толағай табыстар тілейміз!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
27
январь
2023
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Халықаралық "Кел,болашақ!" М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы ән-жыр өнер байқауынан Айдосқызы Айлин мен Айдосқызы Айдина 3-ші орын иеленді. Шәкірттерімізді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!
Ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңінің нәтижесі
23
январь
2023
Ұлттық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңінің нәтижесі
«Алматы дарыны» орталығы ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасындағы «ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС» турнирінің қалалық кезеңінде өзіндік шығармашылық қарым-қабілетімен ерекшеленгені үшін «ҮЗДІК АНАЛИТИК» номинациясымен «№140 М.Мақатаев атындағы гимназия» 10 сынып оқушысы Нүсіпбек Тоғжан және «№140 М .Мақатаев атындағы гимназия» 9 сынып оқушысы Арыстанбек Хадиша «ҮЗДІК ОРАТОР» номинациясымен марапатталды. 🥳Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Шаңғы жарысынан шәкірттеріміз жеңіс төрінен көрінді
23
январь
2023
Шаңғы жарысынан шәкірттеріміз жеңіс төрінен көрінді
Шаңғы жарысынан Алматы қаласы бойынша 2007-2008 жылғы қыздар арасында Бағдатқызы Сания 3-орын, 2010-2011 жылғы қыздар арасында Демеш Айша 2-орын иеленді. Шәкірттеріміз шешуші айналымда алға шығып, жеңіс төрінен көріне білді. Шын жүректен құттықтаймыз!
Үздік спортшы
16
январь
2023
Үздік спортшы
6 "Е" сынып оқушысы Дуйсенбай Нуриман 200 спортшының ішінен жақсы нәтиже көрсетіп, 2022 жылдың "Үздік спортшы" атанды. Өз ісіне деген  сүйіспеншілігі мен кәсіби шеберлігі арқасында керемет нәтижеге қол жеткізген шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгідей мерейлі сәтте еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруін тілейміз!
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегері
13
январь
2023
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегері
5 "Г" сынып оқушысы Ерімбет Данышпан жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің III орын жүлдегері атанды. Құттықтаймыз! Шәкіртіміздің биік белестерді бағындырып, білім шыңына жетуіне тілектеспіз!
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегері
10
январь
2023
Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жүлдегері
5 "Е" сынып оқушысы Рысдаулетқызы Балауса жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің III орын жүлдегері атанды. Құттықтаймыз! Көздеген мұрат - мақсаттарына қол жеткізіп, армандарыңың орындалуына тілектеспіз. Шәкіртіміздің келешегі кемел, болашағы нұрлы болсын!