Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Сүйікті ертегі» қашықтық байқауы
16
февраль
2022
«Сүйікті ертегі» қашықтық байқауы
    Халықаралық «Дарындар әлемі» интеллектуалды білім порталында өткізілген «Сүйікті ертегі» қашықтық байқауында «Сурет» номинациясы бойынша М.Мақатаев атындағы  №140 гимназия шәкірті Жумагулова Аянат ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Аянатты Халықаралық деңгейдегі байқауға дайындаған ұстазы Темирова Нурсулу Амангельдиновнаны жеңісімен құттықтаймыз.
«Zerde Education» оқу орталығы ұйымдастырған, математика пәні бойынша қашықтық олимпиадасы
14
февраль
2022
«Zerde Education» оқу орталығы ұйымдастырған, математика пәні бойынша
    «Zerde Education» оқу орталығы ұйымдастырған, математика пәні бойынша қашықтық олимпиадасына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталған 4-сынып оқушысы Болатжан Айым мен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған 4-сынып оқушысы Алибекова Аминаны жеңістерімен құттықтаймыз.
«Бастау» кешенді олимпиадасы
14
февраль
2022
«Бастау» кешенді олимпиадасы
    Үркер IQ орталығы ұйымдастырған қазақ тілі пәні бойынша «Бастау» кешенді олимпиадасында І орын алған Мавлен Ханшайым мен Нурбацин Мирас, Азаматқызы Айымды жеңістерімен құттықтаймыз.
«Жас математик» қашықтық олимпиадасы
14
февраль
2022
«Жас математик» қашықтық олимпиадасы
    Bilimtime.kz  ұстаздарға арналған әдістемелік орталығының сайты оқушылар арасында ұйымдастырған «Жас математик» қашықтық олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталған М.Мақатаев атындағы №140 гимназия шәкірттері: Нурбацин Мирас, Чистякова Дана, Жұмағали Дінмұхаммед, Азаматқызы Айым  мен Мұхтархан Абылайды жүлделі орындарымен құттықтай отырып, білім шыңын бағындырар табыс тілейміз.
«Тоширо»  Каратэ мектебінің ашық біріншілігі
14
февраль
2022
«Тоширо» Каратэ мектебінің ашық біріншілігі
    «Тоширо»  Каратэ мектебінің ашық біріншілігінде І орынды иеленген гимназия шәкірті - Талғатұлы Ілиясты жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.
«British Bulldog 2021» Халықаралық байқауы
14
февраль
2022
«British Bulldog 2021» Халықаралық байқауы
    «Дарын лэнд» интеллектуалды орталығы ұйымдастырған ағылшын тілі бойынша «British Bulldog 2021» Халықаралық байқауында 1-орын алған М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 9-сынып оқушысы Бектенбай Айгерим мен 10-сынып оқушысы Әділетқызы Меруертті жүлделі жеңістерімен құттықтаймыз.
“Тәртіпке бағынған - құл болмайды” тақырыбында жиналыс өтті
14
февраль
2022
“Тәртіпке бағынған - құл болмайды” тақырыбында жиналыс өтті
    Ақпанның 14-і, М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда, Бостандық ауданы полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен 5-9 сынып оқушылары арасында “Тәртіпке бағынған - құл болмайды” тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыс барысында қазіргі уақытта белең алып жатқан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық, ұрлық, кибербулинг сынды мәселер талқыланып, оның алдын-алу шаралары айтылды. Құқық бұзушылықтың зардаптары мен әкімшілік жауапкершілігі түсіндіріліп, оқушыларға ұлттық тәрбиенің маңыздылығын
«Өзіңсің поэзия Пайғамбары» атты ақынның өлеңдерін орыс және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу байқауы
14
февраль
2022
«Өзіңсің поэзия Пайғамбары» атты ақынның өлеңдерін орыс және ағылшын
      2022 жылдың 7 ақпанында  М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 5-10 сыныптары арасында мектепішілік «Өзіңсің поэзия Пайғамбары» атты ақынның өлеңдерін орыс және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» демекші, дарынды шәкірттеріміз өзге тілде оқып қана қоймай, мәнерлеп, нақышына келтіре көптің көзайымына айналды. Талапты оқушылардың өнері әділ бағаланып, қорытынды кеште марапатталады.