Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Абайдың асыл мұрасы" байқауы
28
апрель
2021
"Абайдың асыл мұрасы" байқауы
   Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өткен қалалық "Абайдың асыл мұрасы" байқауында "Абай өлеңдері"  номинациясы бойынша жүлделі І дәрежелі диплом иегері атанған гимназиямыздың 11-сынып оқушысы Парух Гүлім мен жетекшісі Чайзаданова Гүлсім ұстазымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
Хабар агенттігі "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік бағдарламасы
28
апрель
2021
Хабар агенттігі "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік бағдарламасы
   Хабар агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылған, оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қабілетін шыңдайтын  "ХХІ ғасыр көшбасшысы" зияткерлік бағдарламасына қатысып, білімі, алғырлығымен көптің көңілінен шыққан гимназиямыздың сегіз қырлы бір сырлы шәкірті - Бейсенғали Айсер Ерболатұлы. Ойы ұшқыр әрі өте зерек шәкірт тәрбиелеп, ел болашағының жарқын болуына орасан зор үлесін қосып жатқан М.Мақатаев атындағы №140 гимназия ұжымы мен басшысы Тілеубай Сәния Өскенбайқызы, бағдарлама ұйымдастырушыларының
І Халықаралық вокалды-хор өнері
28
апрель
2021
І Халықаралық вокалды-хор өнері
   Нұр-Сұлтан қаласы, Мәдениет басқармасының қолдауымен, І Халықаралық вокалды-хор өнері бойынша ұйымдастырылған "Астана старс" байқауында, гимназиямыздың талантты оқушысы - Еркімбекұлы Ескендір, гран при иегері атанды. Гимназия мақтанышы мен жетекшісі, Ибраева Арайлым Нұрланқызына алғысымызды білдіре отырып, жеңістерімен құттықтаймыз.
"Атамұра" интеллектуалды білім порталы
28
апрель
2021
"Атамұра" интеллектуалды білім порталы
   Атамұра" интеллектуалды білім порталы 1 сәуір мен 22 сәуір аралығында ұйымдастырған Республикалық "Өнерлі өрен" байқауына қатысқан гимназиямыздың шәкірті - Құрманбай Тайыр, жүлделі І орын иеленді. Республикалық қашықтықтан өтетін байқауға балалардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастырып, белсенділік танытқаны үшін ардақты ұстазымыз Сатымбаева Ләйлә, Атамұра білім порталының арнайы Алғыс Хатымен марапатталды.
"Kemel Academy" онлайн-мектебі
25
апрель
2021
"Kemel Academy" онлайн-мектебі
    "Кемел академи" онлайн-мектебі ұйымдастырған "Қызықты математика және логика" атты VII-ші Республикалық  онлайн-олимпиадасында жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталған  2-сынып оқушысы  - Спандияр Ақылжан Ғалымжанұлын жеңісімен құттықтай отырып, білім-ғылым жолында қажымас қайрат тілейміз.
Республикалық Шахмат турнирі
21
апрель
2021
Республикалық Шахмат турнирі
   М. Мақатаев атындағы №140 гимназияның мақтанышы – Абат Жанади, 2021 жылдың 19-сәуірінде өткен Республикалық Шахмат турниринде озық ойынымен үздік өнер көрсетіп, арнайы дипломмен марапатталды.
«Даму» онлайн олимпиадалар орталығы
21
апрель
2021
«Даму» онлайн олимпиадалар орталығы
     «Даму» онлайн олимпиадалар орталығының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында өткен «Қара өлеңнің құлагері» атты Республикалық өнер байқауына, ақиық ақынның алып атын арқалаған №140 гимназиямыздың талантты шәкірттері қатысып, жүлделі орынға ие болды. Атап айтсақ, Ахатай Адель – ІІІ орын иегері атанса, Жарылқасын Алдияр – алғыс хатпен марапатталды. Осындай білімді әрі талапты шәкірт дайындаған ұлағатты ұстазымыз - Айгүл Елжасқызының еңбегі еселеніп, шабыты
Халықаралық «Кенгуренок» математикалық байқауы
21
апрель
2021
Халықаралық «Кенгуренок» математикалық байқауы
    «А» академиясы ұйымдастырған Халықаралық «Кенгуренок»  математикалық байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталған М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың шәкірттері: Маханбет Ердаулет, Бауыржан Ерасыл, Қуантай Алтынай, Назымбек Алуа, Ануарбек Мади, Ерланұлы Нұрсұлтан, Нургали Ануар, Алищерқызы Тамина, Смагулова Айланалпрдың жеңістерімен құттықтаймыз. Ілім - білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында ел кәдесіне жарататын болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат
Қашықтықтан өткен қалалық балалар арасындағы сурет байқауы
21
апрель
2021
Қашықтықтан өткен қалалық балалар арасындағы сурет байқауы
    Өнер – халық тарихының шежіресі десек, осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Гимназиямыздың талантты шәкірттері: Жалғасбай Назерке, «Менің сүйікті қалам Алматыда - күз» атты, қашықтықтан өткен қалалық балалар арасындағы сурет байқауында ІІ орынға ие болса; Жексенбекова Зарема, «Листая страницы» атты, қалалық балалар шығармашылығы сурет байқауында,  қазақ жазушыларының шығармашылығын арқау етіп, өз ойларын сурет арқылы өрнектеп,
ХІІІ Республикалық байқау
21
апрель
2021
ХІІІ Республикалық байқау
   Черлидингтан Қазақстан Ұлттық Федарациясының ұйымдастыруымен 17-18 сәуір күндері аралығында өткен, ХІІІ Республикалық байқауда, гимназиямыздың Жумалиева Айгерім өнер көрсеткен Лина Борисовнаның «Незабудки» командасы, данс-фристайл номинациясы бойынша, І дәрежелі орынға ие болды.