8 Б сынып оқушылары Төлеубек Мұхамеджан мен Тастыбай Батырхан Тараз қаласында өткен бокстан 2-ші орын, Мұхаммади Әлнұр 3-ші орын жүлдегері атанды. ЖАРАЙСЫЗДАР!!! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
№4 кітапханада өткен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған “МЕНІҢ АНАМ - ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ АСЫЛ ЖАН” атты эссе-байқауына қатысып, жүлделі орындарды иеленген шәкәрттерімізді құттықтаймыз! Жарайсыздар!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімінде бой көрсеткен шәкірттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!
4 "И" сынып оқушысы ҚАНАТОВ ТЕМІРЛАН, ҚАЙРАТ АКАДЕМИЯСЫ ұйымдастырған 2013 жылы туған жасөспірімдер арасындағы шағын футболдан "NAMYS CUP-2023" Республикалық турнирінде І дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды. Құттықтаймыз!
Білім мен өнер сынға түссе, хас жүйрік топты жарып шығады. V Халықаралық “Сайра, бұл-бұл” байқауында көркемсөз жанрында талантымен топ жарған 1 “Е” сынып оқушысы Рахман Али “Бас жүлде” иегері атанды. Құттықтаймыз!
VII Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған "Живи танцуя" би чемпионатында гимназиямыздың 1 "А" сынып оқушысы Бекбаева Айару І орын иегері атанды. Құттықтаймыз!!!
Мектебіміздің бишілерінен құралған "Еркем-ай" бишілер тобы қалалық байқауда өнер көрсетіп, арнайы марапатты иеленіп келді. Шын жүректен құттықтаймыз! Өнерлеріңіз өрге жүзсін!
7 "Е" сынып оқушысы Жаманғараева Аружан таеквондодан "Райымбек батыр" спорт клубының ашық біріншілігінде 12-14 жас аралығында 41кг салмақ дәрежесінде III орын иеленді. Құттықтаймыз! Биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!