Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Өзіңсің поэзия Пайғамбары" атты ата-аналар арасындағы мәнерлеп оқу байқауы
03
февраль
2023
"Өзіңсің поэзия Пайғамбары" атты ата-аналар арасындағы мәнерлеп оқу
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының арасында "Өзіңсің поэзия Пайғамбары" атты мәнерлеп оқу байқауы өтті. Ата-аналар балаларынан қалмай, сайысқа барынша ат салысып қатысты. Өз өнерлерін ортаға салған ата-аналар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып қана қоймай, ән де салды. Керемет көңіл күй сыйлаған ата-аналар сайысы Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақ-жауаппен жалғасын тапты. Шәкірттеріміз бар білімдерін ортаға салып,
9-10 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті
03
февраль
2023
9-10 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 9-10 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті. Әр сыныптан команда құралып, балалар арасында тартысқа толы сайыс болды. I орынды 9 "А" сынып оқушылары, II орынды 10 "А" сынып оқушылары,  III орынды 10 "В" сынып оқушылары иеленді. "ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ" номинациясымен 9 "А" сынып оқушысы Тургинбек Томирис, "ҮЗДІК ОЙЫНШЫ" номинациясымен 10 "А" сынып оқушысы Бекенқызы Мөлдір марапатталды.
Алматы облыстық кітапханасындағы конференция
03
февраль
2023
Алматы облыстық кітапханасындағы конференция
03.02.2023 жылы Алматы облыстық кітапханада "Күн боламын!" деген арыстары еді қазақтың"атты алаштың үш арысының 130 жылдығына арналған конференция өтті. Конференцияда "Ұлтымның ер тұлғаларынан ұлағат аламын" сериясы бойынша жарық көрген Алаштың біртуар ұлдары Біләл Сүлейұлы, Мағжан Жұмабаев,  Сұлтанмахмұт Торайғырұлының өнегелі өмірін баяндайтын кітаптардың тұсаукесері болды. Әріптесіміз Айкүміс Сайлауханқызы 9"Ж" сынып оқушыларымен бірге барып, керемет шараның куәсі болып қайтты. Қазақтың
Халықаралық конкурс жеңімпазы
31
январь
2023
Халықаралық конкурс жеңімпазы
Халықаралық “Almaty stars” шығармашылық байқауында 10Б сынып оқушы Ибраева Қарақат эстрадалық вокал номинациясы бойынша I орын иеленді. Шәкіртімізді жеңісімен шын жүректен қуаныштымыз! Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіне тілектеспіз. Құттықтаймыз!!!
Роботехника бойынша қалалық турнирде шәкірттеріміз жеңіске жетті
30
январь
2023
Роботехника бойынша қалалық турнирде шәкірттеріміз жеңіске жетті
10-сынып оқушылары робототехника бойынша қалалық турнирде II орын иеленіп, Астана қаласында өтетін Республикалық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!
Шаңғы тебуден эстафеталық жарыс нәтижесі
28
январь
2023
Шаңғы тебуден эстафеталық жарыс нәтижесі
15-17 жас ерекшелігі аралығындағы Әуезов ауданының арасында шаңғы тебуден өткен эстафеталық жарыста 5 "Г" сынып оқушысы Демеш Айша III орын иеленді. Шын жүректен құттықтаймыз! Толағай табыстар тілейміз!
Табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы кезіндегі халықтың іс-әрекеттері
27
январь
2023
Табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы
27.01.2023 күні мектебімізде барлық оқушылар мен ұстаздарға "Табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы кезіндегі халықтың іс-әрекеттері" және "Төтенше жағдайда жиналатын орын" туралы ақпарат берілді. 2569 оқушы, 160 мектеп қызметкерлері мен 485 ата-ана қатысты.