Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған"
09
февраль
2023
"Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған"
Құрметті ата-аналар! Сіздерді "Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған" атты ата-аналар арасында өтетін ән байқауының қадірлі қонағы болуға шақырамыз!
"Ей, менің нұрлы ғұмырым"
09
февраль
2023
"Ей, менің нұрлы ғұмырым"
Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 9-сынып оқушылары ақынды еске алу мақсатында ескерткішіне барып гүл шоқтарын қойып қайтты. Шәкірттеріміз Мұқағали жырларынан шашу шашып, өмір жолынан естеліктер айтты. 
Зорлық-зомбылықсыз өмір
09
февраль
2023
Зорлық-зомбылықсыз өмір
Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз өмір жобасы аясында М.Мақатаев атындағы 1-11 сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары өтті. Гимназия психологтары: Төреқұлова Меруерт пен Қарабала Асыл сыныптарда сұрақ-жауап, тренинг өткізу арқылы оқушылар арасындағы тәртіп пен қарым-қатынасты бақылай отырып, жұмыс жүргізді.
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр
09
февраль
2023
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған "Мұқағали - мәңгілік жыр" айлығы аясында өткен байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау мақсатына I,II кезек оқушыларына салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мектепішілік байқауға белсене қатысқан оқушылар "Мұқағали - мәңгілік жыр" эссе байқауы бойынша, "Өзіңсің поэзия Пайғамбары" атты өлеңді мәнерлеп оқу, ақынның шығармаларын орыс, ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқу байқаулары бойынша бақ сынап, арнайы грамоталармен марапатталды. Мұқағали
Мағжан оқулары
07
февраль
2023
Мағжан оқулары
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында республикалық "Мағжан оқулары" ғылыми-шығармашылық байқауының аудандық кезеңінде "Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім" - Мағжан шығармашылығын жатқа оқу номинациясы бойынша шәкіртіміз 5 "А" сынып оқушысы Арыстанбек Халима II орын, "Жасынан  оқу оқып, өнер қуған…" ғылыми жобалар номинацисы бойынша 10 "В" сынып оқушысы Салибеков Азамат II орын иеленді. Шын жүректен құттықтаймыз!
Республикалық конкурстың жеңімпазы
07
февраль
2023
Республикалық конкурстың жеңімпазы
"Шабыт қанатында" I Республикалық шығармашылық конкурсына қатысып, жетістікке жету жолындағы еңбігінің арқасында шәкіртіміз 4 "А" сынып оқушысы Елубай Айасыл бас жүлдені иеленіп алды. Үздік  өнер көрсеткен шәкіртіміз Алматы қаласында өтетін "Жеті өнер" VII Халықаралық шығармашылық фестиваліне қатысуға жолдама алды. Құттықтаймыз! 
Облыстық кітапханадағы кездесу
07
февраль
2023
Облыстық кітапханадағы кездесу
6 "Б" сыныбының оқушылары Махсат Әбдмүттәлиб, Нұрболатұлы Мұнар, Ошырақын Айдос облыстық кітапханаға барып, Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай өткен кездесуге қатысып, ақын өлеңдерін оқып қайтты. 
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың музейіне саяхат
06
февраль
2023
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың музейіне саяхат
7 "Е" сыныбы сынып жетекшісі Нұрсұлу Амангелдіқызымен бірге аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы музейге қонаққа барып қайтты. Балалар музей жайында көптеген қызықты ақпараттармен таныс болды. Бұл мұражай өз жәдігерлерінің құндылығымен ерекшеленеді. Мұнда Дінмұхамед Ахметұлының жекелеген заттары, техникалық, анықтамалық және көркем әдебиеттер, өнер жөнінде альбомдар, авторлардың жекелей қолтаңбасы жазылған