Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Футболдан Республикалық турнир
03
март
2023
Футболдан Республикалық турнир
4 "И" сынып оқушысы ҚАНАТОВ ТЕМІРЛАН, ҚАЙРАТ АКАДЕМИЯСЫ ұйымдастырған 2013 жылы туған жасөспірімдер арасындағы шағын футболдан "NAMYS CUP-2023" Республикалық турнирінде І дәрежелі ДИПЛОММЕН марапатталды. Құттықтаймыз!
Бас жүлде иегері
03
март
2023
Бас жүлде иегері
Білім мен өнер сынға түссе, хас жүйрік топты жарып шығады. V Халықаралық “Сайра, бұл-бұл” байқауында көркемсөз жанрында талантымен топ жарған 1 “Е” сынып оқушысы Рахман Али “Бас жүлде” иегері атанды. Құттықтаймыз!
Қалалық чемпионт жүлдегері
02
март
2023
Қалалық чемпионт жүлдегері
Таэквондодан Қалалық чемпионатта 1 "А" сынып оқушысы Ермек Алинұр 3-орын иегері атанды. Құттықтаймыз!
Халықаралық конкурс жүлдегері
02
март
2023
Халықаралық конкурс жүлдегері
VII Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған "Живи танцуя" би чемпионатында гимназиямыздың 1 "А" сынып оқушысы Бекбаева Айару І орын иегері атанды. Құттықтаймыз!!!  
Бишілеріміздің жетістігі
02
март
2023
Бишілеріміздің жетістігі
Мектебіміздің бишілерінен құралған "Еркем-ай" бишілер тобы қалалық байқауда өнер көрсетіп, арнайы марапатты иеленіп келді. Шын жүректен құттықтаймыз! Өнерлеріңіз өрге жүзсін!
Қыздарға әсемдік жарасады
01
март
2023
Қыздарға әсемдік жарасады
7-8 сынып оқушыларының арасында "Қыздарға әсемдік жарасады" атты қыз сыны байқауы өтті. Қыздар өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салып, салт-дәстүр, танымал тұлғалар бойынша сұрақтарға жауап берді. Әдемі киімдерімен, тамаша өнерлерімен көзге түскен қызғалдақ қыздарымыз көктемнің алғашқы күнінде мектебімізге сәуле нұрын шашқандай болды. 
"Баршаның назарына!" дабылы
01
март
2023
"Баршаның назарына!" дабылы
1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнінде Қазақстан Республикасы бойынша дабыл іске қосылып, құтқару қызметі ескерту жүйесін тексерді. Осыған орай мектебімізде үлгілік оқу-жаттығулар өткізілді. Сиреналар мен дауыс-зорайтқыш құрылғылары іске қосылып "Баршаның назарына!" дабылы берілді.
Ұлттық ойындарымызды дәріптеу
01
март
2023
Ұлттық ойындарымызды дәріптеу
Мектебімізде 1"Ж" сыныбында Алматы қаласы "Тоғызқұмалақ" қауымдастығының бапкері Самат Қасымбеков, халықаралық спорт шебері Айтбаев Рахат ағайларымыздың қатысуымен ұлттық ойындарымыз тоғызқұмалақ, асық ойындарының таныстырылымы өтті. Ойын атауы, шығу тарихы, ойын ережесі жайлы толық ақпарат алған оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтары жоғары болды.Сынып жетекшісі Ләйлә Өмірзаққызы. ЖАРАЙСЫЗДАР !!!
1 наурыз - Алғыс айту күні
01
март
2023
1 наурыз - Алғыс айту күні
1 наурыз - Алғыс күніне орай мектебімізде "Алғысым шексіз" акциясы өтті. Оқушылар өздерінің достарына, ұстаздарына алғыстарын жеткізді. Көктемнің алғашқы күніне орай, келе жатқан Наруыз мерекесіне орай оқушыларымыз ұлттық құндылықтарды, ұлттық киімімізді дәріптеу мақсатында мектеп формасын сақтай отырып ұлттық нақыштағы киімдер киіп келді.
Сайлау 2023
28
февраль
2023
Сайлау 2023
Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттығына үміткерлер мектебімізде ұстаздармен, тұрғындармен, ата-аналармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырып кетті.