Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Оқушыларымыздың жетістіктері
28
март
2023
Оқушыларымыздың жетістіктері
Мектебіміздің “Еркем-ай” бишілер тобы конкурста тамаша өнер көрсетіп, Ташкент пен Грузияда өтетін халықаралық фестивальге жолдама алды. Құттықтаймыз! Шын жүректен қуаныштымыз!
Ұстаздарымыздың жетістіктері
28
март
2023
Ұстаздарымыздың жетістіктері
Ұстазымыз, бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Елжасқызы Бауыржан Момышұлының “Батыр шапағаты” медалімен марапатталды. Шын жүректен құттықтаймыз! Ұрпақ тәрбиелеуде шаршамаңыз!
Спорт жетістіктері
27
март
2023
Спорт жетістіктері
7 "А" сынып оқушысы Әмірбек Мағжан каратэден клубаралық турнирде 1-орын иеленді. Шын жүректен құттықтаймыз!
Халықаралық ән және би байқауы
25
март
2023
Халықаралық ән және би байқауы
25 наурыз күні Дубайда өткен Халықаралық ән және би байқауында 5 "В" сыныбының оқушысы Жанат Дильназ 3-орын жүлдегері атанды. Құттықтаймыз! Шын жүректен қуаныштымыз!
Спорт жетістіктері
24
март
2023
Спорт жетістіктері
2 "З" сынып оқушысы Жұмабек Батыр дзюдодан 1-орын иеленді. Шәкіртіміз үшін қуаныштымыз! Биіктерден көрінуіне тілектеспіз!  
Оқушылар сарайындағы концерт
23
март
2023
Оқушылар сарайындағы концерт
Қасиетті Рамазан айының бірінші күні Алматыдағы Оқушылар сарайының үлкен концерт залының сахнасында Қайырымдылық концерті өтті. Сахнада шырқалған әндер әрбір баланың жүрегіне жетті.  Алматы қаласының әкімшілігіне, өнерлерімен көрермендерін тәнті еткен әртістерге үлкен рақмет. Керемет әсерлерімен оқушыларымыз "біз де әнші болсақ" деген армандарын арқалап қайтты. 
Наурыз-думан
22
март
2023
Наурыз-думан
22-наурыз қала бойынша Наурыз-думан тойы тойланды. Шәкірттеріміз, ұстаздарымыз Наурыз тойын тойлауда қалыс қалмады. Оқушыларымыз ұлттық ойындардан топ жарып, жүлделі орындарға ие болса, ұстаздарымыз сахна төрінен табылып, өнер көрсетті.
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
17
март
2023
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!" атты іс-шара өткізілді. 17 наурыз күні мектебімізде таңғы сағат 7:30-дан бастап ыстық көже, бауырсақ, ұлттық тағамдардан дастархан жайылып, әсем ән, күмбірлі күй орындалды. Әдемі күн мерекелік концертпен аяқталып, оқушыларымыз, ұстаздарымыз 3-тоқсанды көңілді аяқтады.
Көктемді қондырып қанатына
14
март
2023
Көктемді қондырып қанатына
“Көктемді қондырып қанатына…” атты мерекелік кештен көріністер. Бүгін 9 “Ж” сынып оқушылары сынып жетекшісі Сәуле Амангелдіқызымен көрісу күніне, Наурыз мерекесіне орай керемет кеш өткізді. Ата-аналарымыз, ұстаздарымыз, оқушыларымыз наурыз көжеден дәм татып, әдемі кештің куәсі болды. Рақмет💐❤️
Алғыс хат
13
март
2023
Алғыс хат
Ұстазымыз Манапбай Заңғар Нұрсәбитұлы Central Asia First Championship - 2023 жарысында робототехникадан мектеп командасын сәтті дайындап, Республикалық жарыста шеберліктерін көрсетіп қайтты. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!