Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Спорт жетістіктері
02
май
2023
Спорт жетістіктері
7“Г” сынып оқушысы Манас Елжан "Пенчак Силат" спорт түрінен Астана қаласында өткен сайыста 1-орын иегері атанды. Шын жүректен құттықтаймыз! Әлемдік деңгейдегі спортшы болуына тілектеспіз!
1 мамыр - бірлік күні
28
апрель
2023
1 мамыр - бірлік күні
1 мамыр - бірлік күніне орай мектебімізде "Бейбітшілік - ел тірегі" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтілді. Мерекенің маңыздылығы, оның мағынасы туралы түсіндірілді. Бірлік - алтын ұя мектептен, отбасынан басталады. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті, бірлігіміз жарасқан ел болып қалай берейік. Мереке құтты болсын!
Нашақорлыққа жол жоқ!
28
апрель
2023
Нашақорлыққа жол жоқ!
Бүгін мектебімізде прокурор Жұман Мағжан Манапұлы мен нарколог Жүзбаева Айтолқын Абдуақитовнамен кездесу өтті. Кездесуге 9,10,11 сынып оқушылары қатысты. Нашақорлық, синтетикалық заттарға тәуелділік жайлы мағлуматтар берілді. Нашақорлықтың адам өміріне келтірер зауалы мен дені сау өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі зияны жайлы кеңірек баяндалды.
Эстафеталық ойын
27
апрель
2023
Эстафеталық ойын
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлік күніне орай мектебімізде 5-сыныптар арасында эстафеталық сайыс өтті. 5 "Е" сыныбы I орын, 5 "Г" сыныбы II орын, 5 "А" сыныбы III орын иеленді. "ШАПШАҢ КОМАНДА" номинациясымен 5 "В" сыныбы, "ҰЙЫМШЫЛ КОМАНДА" номинациясымен 5 "Д" сыныбы, "ЖІГЕРЛІ КОМАНДА" номинациясымен 5 "Б" сыныбы және "АЛҒЫР КОМАНДА" номинациясымен 5 "Ж" сынып оқушылары марапатталды.
Спорт жетістіктері
26
апрель
2023
Спорт жетістіктері
Шәкіртіміз Дүйсебай Нуриман кәсіпқой “Исатай” клубының ашық біріншілігінде 12-14 жас аралығындағы 47 кг салмақта өнер көрсетіп, I орын иеленді. Шын жүректен құттықтаймыз!!!
Наурыз - көктем мейрамы
25
апрель
2023
Наурыз - көктем мейрамы
Бостандық аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ауданның жалпы білім беретін мектептерінің арасында өткізілген «Наурыз - көктем мейрамы» атты қалалық сәндік-қолданбалы өнер байқауының аудандық кезеңінде 6 “Е” сынып оқушысы Сәлімбай Абдулхафиз 2-орын иеленді. Құттықтаймыз!!! 
Халықаралық конкурс
24
апрель
2023
Халықаралық конкурс
5 "Д" сынып оқушысы Болат Амина Ташкентте өнер көрсетіп, 3-орын иегері болды!!! Құттықтаймыз!Биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жетуін тілектеспіз!
Жалпықалалық сейсможаттығу
21
апрель
2023
Жалпықалалық сейсможаттығу
М.Мақатаев атындағы №140 гимназия оқушылары мен ұстаздары 20 сәуір жалпықалалық сейсможаттығуға қатысты. Оқушылар арасынан 10-сыныптардан құрылған «Жас құтқарушылар» ұйымы алғашқы көмек жайлы айтып, практика жүзінде көрсетті. Медбикелер мен АӘДТ пәні мұғалімі Ержан Сәрсенқожаұлы ақпараттармен таныстырып, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер жайлы айтты.
"Мұзбалақ" пікірсайыс клубы
21
апрель
2023
"Мұзбалақ" пікірсайыс клубы
Мектебіміздің "Мұзбалақ" пікірсайыс клубы Ұлттық кітапханада “Кітап және айфон” тақырыбында өткен дебат ойынында 1-орынды иеленіп, жүлдегер атанды. Құттықтаймыз!!!  
Республикалық олимпиада
21
апрель
2023
Республикалық олимпиада
Шәкіртіміз Ермекова Меруерт Республикалық Олимпиадада “Құқықтану” пәнінен БАС ЖҮЛДЕГЕР болды! Ұстазы Дәурен Наурызбайұлы! Тамаша жетістік! Шын жүректен құттықтаймыз!!!