Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жалпыұлттық диктант
04
май
2023
Жалпыұлттық диктант
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсанындағы №22-32-18.454 тапсырмасымен 4 мамыр күні “Еркін ел ұрпағы” тақырыбында 1-11 сынып оқушылары арасында Жеңіс күніне орай жалпыұлттық патриоттық диктант өтті.
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай футбол жарысы
04
май
2023
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай футбол жарысы
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 6,7 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс өтті. I орынды 6 “А” сынып, II орынды 7 “Б” сыныбы, III орынды 7 “Ж” сынып оқушылары иеленді. “ҮЗДІК ОЙЫНШЫ” номинациясымен 6 “А” сынып оқушысы Жомарт Алихан, “ҮЗДІК ШАБУЫЛДАУШЫ” номинациясымен 7 “Б” сынып оқушысы Ілияс Ерасыл, “ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ” номинациясымен 6 “А” сынып оқушысы Амиржанов Абзал марапатталды.  
Балалардың қабілеттері мен дағдыларын анықтау
03
май
2023
Балалардың қабілеттері мен дағдыларын анықтау
6 “Б” сынып оқушысы Жанат Айару “Балалардың қабілеттері мен дағдыларын анықтау” бойынша “Qabilet” қызметімен бірігіп қалалық диагностикалық тестілеудің II кезеңін табысты аяқтады. Сынып жетекшісі Асыл Асқарқызы "Алғыс хатпен" марапатталды. Құттықтаймыз!!!
Халықаралық байқау жеңімпазы
02
май
2023
Халықаралық байқау жеңімпазы
Шәкіртіміз Алтынай Нұркенқызы Францияда өткен Халықаралық жарыстан II орын иеленді.  Әлем кубогы бойынша 19 командадан 8 орында бой түзеп, жаңа құрамамен, жаңа қойылыммен өнер көрсетті. "Мастер Спорта Международного класса" атағын иеленді.Шын жүректен құттықтаймыз!
"Алтын сақа"  олимпиадасы
02
май
2023
"Алтын сақа" олимпиадасы
Математика "Алтын сақа" олимпиадасының аудандық кезеңінен 4-сынып оқушысы Спандияр Ақылжан 1-орын иеленді. Тамаша жетістік! Құттықтаймыз! Сынып жетекшісі: Сарварова Халима Рахманбердіқызы!
Спорт жетістіктері
02
май
2023
Спорт жетістіктері
8 "А сынып оқушысы Қабланбай Арсен "Almaty open" республикалық каратэ бойынша турнирден 1-орын иеленді. Құттықтаймыз! Биік белестерді бағындыра беруін тілейміз! 
Спорт жетістіктері
02
май
2023
Спорт жетістіктері
7“Г” сынып оқушысы Манас Елжан "Пенчак Силат" спорт түрінен Астана қаласында өткен сайыста 1-орын иегері атанды. Шын жүректен құттықтаймыз! Әлемдік деңгейдегі спортшы болуына тілектеспіз!
1 мамыр - бірлік күні
28
апрель
2023
1 мамыр - бірлік күні
1 мамыр - бірлік күніне орай мектебімізде "Бейбітшілік - ел тірегі" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өтілді. Мерекенің маңыздылығы, оның мағынасы туралы түсіндірілді. Бірлік - алтын ұя мектептен, отбасынан басталады. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті, бірлігіміз жарасқан ел болып қалай берейік. Мереке құтты болсын!
Нашақорлыққа жол жоқ!
28
апрель
2023
Нашақорлыққа жол жоқ!
Бүгін мектебімізде прокурор Жұман Мағжан Манапұлы мен нарколог Жүзбаева Айтолқын Абдуақитовнамен кездесу өтті. Кездесуге 9,10,11 сынып оқушылары қатысты. Нашақорлық, синтетикалық заттарға тәуелділік жайлы мағлуматтар берілді. Нашақорлықтың адам өміріне келтірер зауалы мен дені сау өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі зияны жайлы кеңірек баяндалды.
Эстафеталық ойын
27
апрель
2023
Эстафеталық ойын
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлік күніне орай мектебімізде 5-сыныптар арасында эстафеталық сайыс өтті. 5 "Е" сыныбы I орын, 5 "Г" сыныбы II орын, 5 "А" сыныбы III орын иеленді. "ШАПШАҢ КОМАНДА" номинациясымен 5 "В" сыныбы, "ҰЙЫМШЫЛ КОМАНДА" номинациясымен 5 "Д" сыныбы, "ЖІГЕРЛІ КОМАНДА" номинациясымен 5 "Б" сыныбы және "АЛҒЫР КОМАНДА" номинациясымен 5 "Ж" сынып оқушылары марапатталды.