Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алаш атындағы білім, ғылым қоғамдық қорының мүшесі
31
май
2023
Алаш атындағы білім, ғылым қоғамдық қорының мүшесі
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.  Бұл күн- қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн.  ХХ-ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз жандардың қаны мен көз жасына жуылған тәуменді тарихтың шерлі беттерінің бірі.  Бүгінгі ұрпақтың борышы – осы жылдары жазықсыз құрбан болған азаматтардың есімін ұмытпау һәм оларды мәңгі есте сақтау. Алдымызда отырған ұрпаққа жас деңгейіне қарай мағлұмат берейік. Осы күнге орай ұстазымыз Бесірова Айкүміс Сайлауханқызы
Туризм және өнер фестивалі
31
май
2023
Туризм және өнер фестивалі
1 "Е" сынып оқушысы Рахман Али Түркия мемлекеті, Финике қаласында (Қазақстан, Түркия, Румыния, Молдова,  Болгария, Грузия) 6 мемлекет арасында өткен “Туризм және өнер фестивалі" халықаралық байқауында "Көркемсөз" жанры бойынша Еркебұлан Кеңейханның “Жеті Ата” өлеңін оқып, Гран При иегері атанды!!! Құттықтаймыз!!!
Балалық шақ әлемі қандай ғажап!
30
май
2023
Балалық шақ әлемі қандай ғажап!
"Балалық шақ әлемі қандай ғажап!" балалар күні аясында өткен флешмобқа 5-сынып оқушылары белсенді қатысты. Флешмобта балалар би билеп, дене жаттығуларын жасады. Флешмобтың басты мақсаты: Спорт - денсаулық кепілі! 5-сынып оқушылары арасында эстафета ойындары өткізіліп, тартысты ойын болды. 
Оқу жылының соңғы күндері
30
май
2023
Оқу жылының соңғы күндері
2022-2023 оқу жылы да өз мәресіне жетіп қалды. Гимназиямыздан түлеп ұшқалы отырған түлектер мектеп қабырғасында барынша көңілді, пайдалы уақыт өткізіп, соңғы сабақтарына белсенді қатысып жүр. Енді олар оқушы емес, студент атанады. Барлық түлектерімізге сәттілік тілейміз!!!
Халықаралық хореография өнері байқауы
30
май
2023
Халықаралық хореография өнері байқауы
Шәкіртіміз Бердалы Нұрилә халықаралық "Танцуй всей душой" би байқауында "Стилизованный народный танец" және "Эстрадный танец" номинациясы бойынша бас жүлде иегері атанды. Шын жүректен құттықтаймыз!!!
Бастауышпен қоштасу
29
май
2023
Бастауышпен қоштасу
4-сынып оқушылары бастауышпен қоштасып, орта буынға қадам басты. 4 "Е" сынып жетекшісі Жақыпбекова Айгүл Елжасқызы сыныбымен естен кетпес кеш өткізді. Оқушылар бар өнерлерін салды. Ән салып, би биледі. Бастауышта алған білімдерін, жетістіктерін көрсетіп, қимастықпен қоштасты.
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
29
май
2023
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
29 мамыр күні Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай халықаралық дөңгелек үстел шарасына ұстазымыз Бесірова Айкүміс Сайлауханқызы қатысып, Ұлттық кітапханаға оқушылармен бірге барып қайтты. Түркиядан келген және еліміздегі алаштанушы ғалымдар қатысқан өте мағыналы керемет шара өтті. Оқушыларымыз өлең оқып, қатысқандарды сүйсінтті. Ұстазымыз Біржан Сәрсенқожаұлы Қапездің әнін орындады.
Спорт жетістіктері
29
май
2023
Спорт жетістіктері
7 "А" сынып оқушысы Асылбек Нуралиды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!!!
Алғыс айту - парызым!
26
май
2023
Алғыс айту - парызым!
Ата-аналарымызды марапаттау сәтінен үзінді. Өнерден, спорттан, білімнен жетістіктерге жетіп, бикітерден көрінген шәкірттеріміздің ата-аналарына алғыс айттық. БАланың қандай да бір жетістікке жетуі, сөзсіз - ата-анананың қолдауларының арқасы. Шексіз алғыс айтамыз! Шәкірттеріміз биіктерден көріне берсін!
Мәдениет саласының үздігі
26
май
2023
Мәдениет саласының үздігі
Ұстазымыз Жәлімбетов Манарбек Мәмбетұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінен “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісін иеленді. Құттықтаймыз!!!