Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алғыс айту - парызым!
25
май
2023
Алғыс айту - парызым!
Баланың қандай да жетістікке жетуі сөзсіз ата-ананың арқасында. Бүгін мектебімізде “Алғыс айту парызым” атты ата-аналарымызға арналған іс-шара өткіздік. Гимназиямыздың директоры Сәния Өскенбайқызы ата-аналарға құттықтау сөз айтып, алғысын білдірді. Алғыс хаттар таратылды. Ата-аналарымыз жүрек жарды ақ тілектерін айтып, керемет көңіл-күймен тарқады.
Алматыдағы заманауи білім беру
20
май
2023
Алматыдағы заманауи білім беру
Бүгін қаламызда өткен “Алматыдағы заманауи білім беру” кәсіби бағдар беру фестиваліне қатыстық. Фестиваль алаңдарында білім беру мекемелерінің өкілдері оқытудың өзекті бағдарламалары туралы айтып берді. Сонымен қатар олар еңбек нарығындағы белгілі бір кәсіп туралы түсіндірді, кәсіби мансапты жоспарлау бойынша кеңестер берді. Іс-шараға Ұлттық тестілеу орталығының сарапшылары да қатысты. Олар ҰБТ жаңалықтары туралы түсінік және қалған кезеңде тестілеуге қалай жақсы дайындалу керектігі туралы
Назар аударыңыз, балалар!
15
май
2023
Назар аударыңыз, балалар!
Бостандық ауданы АПБ ЖПҚБ ЮПБ аға УПИ полиция майоры Нурғалиева Айгерім Маратқызының қатысуымен “Назар аударыңыз, балалар!” жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Балаларға жолда жүру ережесін сақтау керектігі ескертілді.
Желбіре, жеңіс жалауы!
12
май
2023
Желбіре, жеңіс жалауы!
Жеңіс күні мерекесіне орай "Желбіре, жеңіс жалауы!" тақырыбында мектебімізде мерекелік іс-шара өтті. Жеңіс жолында аянбай күрескен батырларымызды еске алып, ерліктеріне алғыс айттық. Шәкірттеріміз ән салып, би билеп, соғыс жылдарынан көрініс қойды. 
Балалық шаққа саяхат
12
май
2023
Балалық шаққа саяхат
Мектеп бітіруші түлектерімізге арналған "Балалық шаққа саяхат" атты бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен сабақ өтті. 11-сынып оқушылары өздерінің мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап оқыған әліппесін, жазған жұмыстарын, бастауыш сыныптағы суреттерін қарап, балалық шаққа саяхат жасап қайтты. Сынып жетекшілеріне алғыс айтып, көңілді уақыт өткізді.
Жеңіс күні құтты болсын!
09
май
2023
Жеңіс күні құтты болсын!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Жеңіс күні
08
май
2023
Жеңіс күні
9 мамыр Жеңіс күніне орай ардагерлерімізді құттықтап қайттық. Мектебіміздің еріктілер ұйымының мүшелерімен бірге ардагерлерді мерекемен құттықтап, сый-сияпатымызды көрсеттік.  Жеңіске себепкер болған әр батырға тағзым етеміз, олардың ерліктерін еш ұмыт қалдырмаймыз. Жеңіс күні құтты болсын!
Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген іс-шара
05
май
2023
Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген іс-шара
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 7 “Г” сынып оқушылары мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Көңілді ән салып, қуаншты көңіл-күй сыйлады. Әке, ағалар, аталар концерт көріп, балаларына ақ тілектерін жаудырды. Ән салып, би билеп, бар өнерлерін ортаға салған оқушылар іс-шараны жоғары деңгейде өткізді. Сынып жетекшісі Шәкібаева Әслехан Әлқуатқызы
Жалпыұлттық диктант
04
май
2023
Жалпыұлттық диктант
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсанындағы №22-32-18.454 тапсырмасымен 4 мамыр күні “Еркін ел ұрпағы” тақырыбында 1-11 сынып оқушылары арасында Жеңіс күніне орай жалпыұлттық патриоттық диктант өтті.
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай футбол жарысы
04
май
2023
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай футбол жарысы
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 6,7 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс өтті. I орынды 6 “А” сынып, II орынды 7 “Б” сыныбы, III орынды 7 “Ж” сынып оқушылары иеленді. “ҮЗДІК ОЙЫНШЫ” номинациясымен 6 “А” сынып оқушысы Жомарт Алихан, “ҮЗДІК ШАБУЫЛДАУШЫ” номинациясымен 7 “Б” сынып оқушысы Ілияс Ерасыл, “ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ” номинациясымен 6 “А” сынып оқушысы Амиржанов Абзал марапатталды.