Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жазғы лагерь
06
июнь
2023
Жазғы лагерь
"Балдаурен" жазғы лагері өз жұмысын жалғастыруда. Балалар күнде көңілді уақыт өткізіп жүр. Таңғы жаттығулар, түскі ас, қызықты оындар ойнатылып жатыр. 
Жазғы демалыс
06
июнь
2023
Жазғы демалыс
Жазғы демалыс ойдағыдай өтуде. Балалар күніне орай мектебіміздің оқушылары ұстазымыз Айгерім Серікханқызымен "Ғажайыптар әлемі" саябағына барып, көңілді уақыт өткізіп қайтты. 
Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн
05
июнь
2023
Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда жазғы лагерь оқушылары арасында 1 маусымнан бастап "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" атты Ұлттық ақпараттық компаниясы басталды. Елімізде  14 жастан асқан балалардың сабақтан тыс уақытта еңбекке араласуына рұқсат етілгенмен, олардың психикасы мен физиологиясына кері әсер ететін жұмыс істеуіне болмайды. Ал біздің мемлекетімізде жасөспірімдерге  12 сағаттан аса жұмыс істеу деректері кездеседі. Осыдан шығатын қорытынды , бала еңбегінің уақыт мөлшері сақтала
"Балдаурен" жазғы лагері
05
июнь
2023
"Балдаурен" жазғы лагері
05.06.6.2023 жылы мектебімізде "Балдаурен" жазғы лагері жұмысын бастады. Лагерьге бастауыш сынып оқушылары қатысады. Лагерь бағдарламасы бойынша: 1.Таңғы жаттығу; 2.Таза ауада серуендеу; 3.Каникулда кітап оқу; 4.Спорттық ойындар; 5.Саяхаттар мен экскурсиялар; 6.Көңілді сайыстар, қызықты ойындар; 7.Кино, театрға бару. Балаларымыз жазғы демалыс уақытын қызықты өткізетініне сенімдіміз!
Сәт сапар, Жас түлек!
01
июнь
2023
Сәт сапар, Жас түлек!
Бүгін мектебімізде соңғы қоңырау соғылды. Шәкірттерімізбен 3-айға қоштастық. Жазғы демалысқа шығарып салдық. Бүгінгі күні 104 түлегіміз мектептен түлеп ұшып, жаңа өмірге қадам басты. Түлектерімізге сәттілік тілейміз!
Балалық шақ әлемі қандай ғажап!
30
май
2023
Балалық шақ әлемі қандай ғажап!
"Балалық шақ әлемі қандай ғажап!" балалар күні аясында өткен флешмобқа 5-сынып оқушылары белсенді қатысты. Флешмобта балалар би билеп, дене жаттығуларын жасады. Флешмобтың басты мақсаты: Спорт - денсаулық кепілі! 5-сынып оқушылары арасында эстафета ойындары өткізіліп, тартысты ойын болды. 
Оқу жылының соңғы күндері
30
май
2023
Оқу жылының соңғы күндері
2022-2023 оқу жылы да өз мәресіне жетіп қалды. Гимназиямыздан түлеп ұшқалы отырған түлектер мектеп қабырғасында барынша көңілді, пайдалы уақыт өткізіп, соңғы сабақтарына белсенді қатысып жүр. Енді олар оқушы емес, студент атанады. Барлық түлектерімізге сәттілік тілейміз!!!
Бастауышпен қоштасу
29
май
2023
Бастауышпен қоштасу
4-сынып оқушылары бастауышпен қоштасып, орта буынға қадам басты. 4 "Е" сынып жетекшісі Жақыпбекова Айгүл Елжасқызы сыныбымен естен кетпес кеш өткізді. Оқушылар бар өнерлерін салды. Ән салып, би биледі. Бастауышта алған білімдерін, жетістіктерін көрсетіп, қимастықпен қоштасты.
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
29
май
2023
Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
29 мамыр күні Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай халықаралық дөңгелек үстел шарасына ұстазымыз Бесірова Айкүміс Сайлауханқызы қатысып, Ұлттық кітапханаға оқушылармен бірге барып қайтты. Түркиядан келген және еліміздегі алаштанушы ғалымдар қатысқан өте мағыналы керемет шара өтті. Оқушыларымыз өлең оқып, қатысқандарды сүйсінтті. Ұстазымыз Біржан Сәрсенқожаұлы Қапездің әнін орындады.
Алғыс айту - парызым!
26
май
2023
Алғыс айту - парызым!
Ата-аналарымызды марапаттау сәтінен үзінді. Өнерден, спорттан, білімнен жетістіктерге жетіп, бикітерден көрінген шәкірттеріміздің ата-аналарына алғыс айттық. БАланың қандай да бір жетістікке жетуі, сөзсіз - ата-анананың қолдауларының арқасы. Шексіз алғыс айтамыз! Шәкірттеріміз биіктерден көріне берсін!