Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
сентябрь
2024

Мектепішілік бақылау мониторингі

М.Мақатаев атындағы 140 гимназияда оқушыларды ыстық тамақпен қамту барысында тамақтың сапасына мектепішілік бақылау мониторингі жүргізілді. Комиссия құрамында мектеп директоры, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, мектеп медбикесі, мектеп мұғалімдері және ата-аналар бар. Мектеп асханасы эстетикалық стенділермен безендірілген. Стенділерде ас мәзірі, кезекшілік, сыныптардың тамақтану, асхананың жұмыс кестелері ілінген. Белгіленген кесте бойынша оқушылар уақытында тамақтанады.. Оқушыларды сынып жетекшілері асханаға алып келіп, тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібі мен дұрыс тамақтануын қадағалайды. Асхананың жалпы санитарлық жағдайы талапқа сай , таза.Азық-түлікті сақтаудың температуралық режимі сақталған. Сапа сертификаттары бар, өнімнің жарамдылық мерзімі сақталған. Құжаттама, арнайы журналдар толтырылған. Тағамның түрі, түсі, иісі, дәмі талапқа сай.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: