Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттығына үміткерлер мектебімізде ұстаздармен, тұрғындармен, ата-аналармен кездесіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырып кетті.
Бүгін 10-сыныптар арасында АӘДТ пәні мұғалімі Ержан Сәрсенқожаұлы "Төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер" тақырыбында балаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Төтенше жағдай дегеніміз не, қандай уақытта болуы мүмкін, қандай іс-әрекеттер орындалуы керек деген сұрақтарға жауап беріп, практикалық жұмыстар жүргізді.
Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттығына кандидат Андрей Александрович Дупикпен М.Мақатаев атындағы №140 гимназияда ұжым қызметкерлерімен кездесу өтті.
Халықаралық робототехникадан жарыс еліміздің бас қаласы Астана қаласында өтіп жатыр. Сайыста мектебімізідің робототехника ұйымының қатысушылары CYBER ALLIANCE бақ сынап жатыр. Шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!