Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көктемді қондырып қанатына
14
март
2023
Көктемді қондырып қанатына
“Көктемді қондырып қанатына…” атты мерекелік кештен көріністер. Бүгін 9 “Ж” сынып оқушылары сынып жетекшісі Сәуле Амангелдіқызымен көрісу күніне, Наурыз мерекесіне орай керемет кеш өткізді. Ата-аналарымыз, ұстаздарымыз, оқушыларымыз наурыз көжеден дәм татып, әдемі кештің куәсі болды. Рақмет💐❤️
Алғыс хат
13
март
2023
Алғыс хат
Ұстазымыз Манапбай Заңғар Нұрсәбитұлы Central Asia First Championship - 2023 жарысында робототехникадан мектеп командасын сәтті дайындап, Республикалық жарыста шеберліктерін көрсетіп қайтты. Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Шәкіртіміздің жетістігі
13
март
2023
Шәкіртіміздің жетістігі
1 "А" сынып оқушысы Серік Райяна "BRAVO" гимнастика ментебінің ашық чемпионатында 13.500 баллмен I орын иегері атанды. Шын жүректен құттықтаймыз!
Мектеп - қауіпсіз білім ордасы
10
март
2023
Мектеп - қауіпсіз білім ордасы
Оқушылар арасындағы буллингтің алдын алу мақсатында  5-11 сынып оқушыларымен «Мектеп –қауіпсіз білім ордасы» тақырыбында гимназия директоры , педагог-психологтардың қатысуымен   жалпы  жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында  сынып және мектеп ережелері  талқыланды. Оқушыларға «буллинг» , «кибербуллинг» түсініктері түсіндіріліп, оны болдырмау туралы кеңестер берілді. Сенім телефондары, сенім жәшіктерінің орналасуы және Бала қорғау бойынша QR кодтары туралы ақпарат айтылды.
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр
10
март
2023
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының ұйымдастыруымен өткен "Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" әдеби-поэзиялық кешінен…Мұқағали мектебінің шәкірттері мен Біржан Сәрсенқожаұлы керемет өнер көрсетіп қайтты. Айкүміс Сайлауханқызы арнайы қонақ ретінде шақырылып, сөз алды. Өлең оқып, ән айтып, кештің сәнін келтірген мақтаныштарымыз😍
Оқушыларымыздың жетістіктері
10
март
2023
Оқушыларымыздың жетістіктері
8 Б сынып оқушылары Төлеубек Мұхамеджан мен Тастыбай Батырхан Тараз қаласында өткен бокстан 2-ші орын, Мұхаммади Әлнұр 3-ші орын жүлдегері атанды. ЖАРАЙСЫЗДАР!!! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!