Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық олимпиада
04
май
2023
Республикалық олимпиада
Өскемен қаласында республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиадада шәкіртіміз Нүсіпбек Тоғжан I орын иегері атанды. Тамаша! Құттықтаймыз! Жетекшісі: Темурбаева Сафура Сәлімбайқызы
Жалпыұлттық диктант
04
май
2023
Жалпыұлттық диктант
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсанындағы №22-32-18.454 тапсырмасымен 4 мамыр күні “Еркін ел ұрпағы” тақырыбында 1-11 сынып оқушылары арасында Жеңіс күніне орай жалпыұлттық патриоттық диктант өтті.
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай футбол жарысы
04
май
2023
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай футбол жарысы
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 6,7 сынып оқушылары арасында футболдан жарыс өтті. I орынды 6 “А” сынып, II орынды 7 “Б” сыныбы, III орынды 7 “Ж” сынып оқушылары иеленді. “ҮЗДІК ОЙЫНШЫ” номинациясымен 6 “А” сынып оқушысы Жомарт Алихан, “ҮЗДІК ШАБУЫЛДАУШЫ” номинациясымен 7 “Б” сынып оқушысы Ілияс Ерасыл, “ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ” номинациясымен 6 “А” сынып оқушысы Амиржанов Абзал марапатталды.  
Балалардың қабілеттері мен дағдыларын анықтау
03
май
2023
Балалардың қабілеттері мен дағдыларын анықтау
6 “Б” сынып оқушысы Жанат Айару “Балалардың қабілеттері мен дағдыларын анықтау” бойынша “Qabilet” қызметімен бірігіп қалалық диагностикалық тестілеудің II кезеңін табысты аяқтады. Сынып жетекшісі Асыл Асқарқызы "Алғыс хатпен" марапатталды. Құттықтаймыз!!!
Халықаралық байқау жеңімпазы
02
май
2023
Халықаралық байқау жеңімпазы
Шәкіртіміз Алтынай Нұркенқызы Францияда өткен Халықаралық жарыстан II орын иеленді.  Әлем кубогы бойынша 19 командадан 8 орында бой түзеп, жаңа құрамамен, жаңа қойылыммен өнер көрсетті. "Мастер Спорта Международного класса" атағын иеленді.Шын жүректен құттықтаймыз!