05
март
2021
Астаналық оқу-әдістемелік орталық
Астаналық оқу-әдістемелік орталық ұйымдастырған, «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты Республикалық ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан 0-11 сыныптар арасында өткен сайыста М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың шәкірттері: Бауыржан Ерасыл, Ануарбек Мәди, Смагулова Айлана, Абатбай Мақсат, Шәкен Айбар, Қабдылманат Айсұлтан – Бас Жүлде, Нурғали Ануар, Ержан Альмира, Қадылбек Мейіржан, Қуантай Алтынай, Әскербек Әбисұлтай – І орын, Алишерқызы Тамина – ІІ орын диплом иегерлері атанды.
«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»-деп, Абай атамыз айтқандай, осынау қасиеттерді тоғыстырып, бойына сіңдіре білген оқушымыздың ата-анасына, ұстазы - Жақыпбекова Айгүл Елжасқызына алғысымызды білдіреміз. Гимназия ұжымы мен барша шәкірттердің құттықтауын жеткізе отырып, бүлдіршін шәкіртімізге алдағы білім жолана толағай табыс пен қажымас қайрат тілейміз.





