Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
декабрь
2025

Mangystau FIRST Regional 2025

6–7 желтоқсан күндері Ақтау қаласында робототехника бойынша үлкен жарыс — Mangystau FIRST Regional 2025 өтті. Бұл өңірдегі ең ауқымды чемпионаттардың бірі саналады. Биыл жарысқа көптеген мектеп командалары қатысып, өз роботтарын таныстырып, инженерлік қабілеттерін сынға салды.

Чемпионат халықаралық FIRST бағдарламасының үш бағытын қамтыды:
FIRST Tech Challenge, FIRST LEGO League Challenge және FIRST LEGO League Explore.
Әр бағытта балалар өз идеяларын ұсынып, жобаларын қорғап, роботтарын басқару арқылы бәсекеге түсті. Екі күн бойы залдың ішінде нағыз техника мен шығармашылықтың рухы сезілді.

Жарыстың ең қызық бөлімі — FIRST Tech Challenge санаты болды. Осы бағытта
М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясының “ULY DALA” командасы ерекше көзге түсіп, үздік нәтижеге қол жеткізді. Команда:
    •    Inspire Award – 1st Place,    •    Winning Alliance – 1st Pick
марапаттарына ие болып, абсолютті чемпион атанды.

Жетістіктің нәтижесінде “ULY DALA” командасы 2026 жылдың ақпан айында Астана қаласында өтетін ең ірі Орталық Азия чемпионатына жолдама алды.








Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: