22
октябрь
2025
«Мақал – сөздің мәйегі» зияткерлік жарысы өтті
25-қазан Республика күніне орай М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Амирова Минара Абдталиповнаның ұйымдастыруымен «Мақал-сөз мәйегі» тақырыбында 4 сынып оқушыларының арасында жарыс өткізілді.
Жарыстың мақсаты Қазақстан Республикасының рәміздері мен мерекелерін танып-білуге үйрету. Туған жерімізді, елімізді сүюге, еліміздің рәміздерін қадірлеуге, адалдыққа және Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Бұл жарыстың мақсаты жай ғана білім беру емес, оның астарында терең тәрбиелік мән жатты. Оқушыларды Қазақстан Республикасының ұлы мерекелері мен киелі рәміздерін танып-білуге баулу, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті ұялату, адалдық пен шынайы Отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру – міне, осы мақсаттар жарыстың өзегі болды.
Зияткерлік додаға әр сыныптан іріктелген үш-үштен оқушы қатысып, топ болып бақ сынады. Жарыстың әділдігі мен сапалы өтуін қадағалау үшін мектеп мұғалімдерінен әділқазылар алқасы сайланды.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ботабек Назгүл Бахтиярқызы.
Тәжірибелі ұстаздар: Сарварова Халида, Сатымбаева Ләйлә, Батырқан Ләззат, Асхатқызы Назгүл төрелік етті.
Жарыс төрт кезеңнен құралып, оқушылардың біліктілігі мен тапқырлығы жан-жақты сыналды.
1-кезеңде Туған жер, Отан, отбасы туралы мақал-мәтелдер айту: Бұл кезеңде балалардың ұлттық құндылықтарға қатысты сөз қазынасы сыналды.
2-кезеңде Суретті мақал-мәтелдер: Көрнекілік арқылы жасырылған мақалдарды табу – балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытты.
3-кезеңде «Wordwall» әдісі арқылы мақал-мәтелдердің жалғасын табу: Заманауи технологияны қолдану арқылы білімдерін тексерудің қызықты әдісі ұсынылды.
4-кезеңде Ребусты шешу арқылы берілген мақалды табу:
Ең соңғы, шешуші кезең – оқушылардың ақыл-ойы мен жылдамдығын талап етті.
Жарыстың ерекшелігі – қатаң, бірақ әділ қағидасы болды.Әр кезеңде қателік жіберген топтың мүшелері келесі кезеңге өтпей, жарыс салмағын арттыра түсті. Бұл балаларды барынша мұқият және жауапкершілікпен қарауға ынталандырды.
Жарыс соңында, жеңіске жетіп, топтың мерейін үстем еткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Ал, бәрінен де маңыздысы, жарысқа қатысқан әрбір оқушыға «Мақал-мәтелдер жинағы» атты құнды кітапша сыйға тартылды.
Бұл шара жай ғана жарыс емес, ол – жас ұрпақтың санасына ұлттық тіл мен мәдениеттің інжу-маржаны – мақал-мәтелдер арқылы Отанға деген шексіз құрмет пен сүйіспеншілікті ұялатқан, Республика күнінің рухын сезіндірген іс-шара болды.