Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылының түлегі, мектеп мақтанышы – Нүсіпбек Тоғжан
19
июнь
2024

2023-2024 оқу жылының түлегі, мектеп мақтанышы – Нүсіпбек Тоғжан

Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен  республикалық олимпиаданың І орын иегері. Астана қаласында өткен "AITU iQalam 2024" байқауына қатысып, Astana IT университетінің ректор грантына ие болды. "Хабар" агенттігі ұйымдастырған “XXI ғасыр көшбасшысы” зияткерлік сайысының финалисі.

Екі жыл қатарынан жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ІІ орынды, жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық зерттеу жобалар конкурсының тіл білімі секциясы бойынша жүлделі І орынды,  Республикалық “Ұшқыр ой алаңы” пікірсайыс турнирінде ІІ орынды, Республикалық “Жас тілшілер” форумы “Журналист болғың келе ме?” ең үздік шығармалар байқауында топ жарып ІІІ орынды ,  “Ақберен” республикалық өнер байқауының “эссе жазу” номинациясы бойынша ІІ орынды иеленді. “Елбасы медалі” жобасының қола медаль жүлдегері.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: