20
октябрь
2023
Прокурор сағаты - есірткі және жасөспірім
Ағымдағы жылдың қазан айының 20-сы Бостандық аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Мұқаш Ақжол Серікұлы №140 гимназияның 9-11-сынып оқушыларының арасында «синтетикалық есірткіге» тәуелділік жайлы профилактикалық жұмыс жүргізді. Есірткіні пайдаланудың зиянды жақтары мен оның заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылық түрлері бойынша жауапқа тартылатыны жайында сөз қозғады. Оқушылар Ақжол Серікұлына өздерінің сұрақтарын қойып, толық ақпарат алды. Есіртікіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесудің тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар маңызды ұсыныстар айтылып, пікір алмасу жүргізілді. Арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, тұтас өмірді құртатын бұл дерт оқушыларымыздың бойына үрей мен қорқыныш тудырды.