Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ГИМНАЗИЯ БАСШЫСЫ ТІЛЕУБАЙ СӘНИЯ ӨСКЕНБАЙҚЫЗЫ «ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20
апрель
2022

ГИМНАЗИЯ БАСШЫСЫ ТІЛЕУБАЙ СӘНИЯ ӨСКЕНБАЙҚЫЗЫ «ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

    Тәуелсіздік таңының атуына қозғалыс әкелген Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай, «Желтоқсан Ақиқаты» патриоттық қозғалысының республикалық төрағасының бірінші орынбасары – Мамбетбаев Ералы Нүсіпқожаұлы мен Алмалы ауданының төрағасы – Қалмақбаев Ғани Әбмуталипұлы, М.Мақатаев атындағы қарашаңыраққа ат басын бұрды. Жақсылықтың жаршысындай тосыннан келген ардагерлеріміз ерекше ықыласы мен сүйіншісін арқалай келіпті. Білім беру саласына ерен еңбегі сіңген білікті де дарынды басшы, М. Мақатаев атындағы №140 гимназия директоры – Тілеубай Сәния Өскенбайқызы Патриоттық қозғалыс «ЖЕЛТОҚСАН АҚИҚАТЫ» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Желтоқсанның 35 жылдығы» естелік медалімен марапатталды. Қазақ қашанда батырын әспеттеп, барын дәріптеген ұлы халық. Ел мен қоғамға өлшеусіз еңбегі сіңіп келген ардақты ұстазымызды атаулы төсбелгісімен шын жүректен құттықтаймыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: