Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 81
Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты
24
апрель
2022
Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты
     Жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында  спорттық акробат бойынша жекелеген жаттығулар бойынша ІІ орын алған Мавлен Ханшайымды  жеңісімен құттықтаймыз! Биіктерді бағындыра бер, Ханшайым. Сәттілік серігің болсын!
Наталья Кузнецова атындағы көркем гимнастика мектебінің кубогы
24
апрель
2022
Наталья Кузнецова атындағы көркем гимнастика мектебінің кубогы
      Наталья Кузнецова атындағы көркем гимнастика мектебінің кубогында Құрманғали Амина ІІ орынмен марапатталды. Жеңісті, жемісті күндеріңіз көп болсын. Жетер жетістігіңіз таусылмасын, Ам ина. Тек қана сәттілік!
“Достық” білім беру орталығы
23
апрель
2022
“Достық” білім беру орталығы
    23 сәуір күні гимназиямыздың 10-сынып оқушылары “Достық” білім беру орталығына барып, сынақ тестін тапсырды. Ойындар ойнатылып, танымдық сұрақтар қойылып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балаларға кітап, шоппер, кружка, т.б. сыйлақтар мен тәттілер табысталды. Тесь тапсырып шыққан оқушыларымыз рухани демалып, серпіліп қайтты. “Достық” білім беру орталығына алғысымызды білдіреміз.
Ұлттық кітапхананың ашық есік күні
23
апрель
2022
Ұлттық кітапхананың ашық есік күні
     23 сәуір күні кітапханашы Нұрбике Қожахметқызының бастамасымен 3 "И" сыныбының оқушылары Ұлттық кітапхананың ашық есік күніне барды. Концерттік бағдарламаның қонағы болып, әдеби-танымдық кештің куәгері атанды. Барлық балаларға балалар кітабы таратылып, көтеріңкі көңіл күймен рухани азық алып қайтты. Кітап оқитын жастар қатары көбейе берсін деп тілек білдіргіміз келеді.
«Экология және біз» тақырыбында қорытынды дәріс
22
апрель
2022
«Экология және біз» тақырыбында қорытынды дәріс
         Табиғат пен адам – біртұтас. Адамзат планетаның экологиясына назар аударуы керек. Осы тақырыпта мектебімізде сәуірдің жиырма үші күні  «Экология және біз» тақырыбында қорытынды дәріс өтті. Дәрісте табиғат пен адамның егіз ұғым екендігінен бастап, оны сақтаудың жолдарына дейін айтылды.  Табиғаттың көмегімен жаратылған әлем бірнеше миллиард жыл бұрын пайда болып, сансыз тіршілік иелеріне өмір сыйлады. Біз оның маңызды бөлігіміз, мұны ешқашан ұмытпауымыз керек. Өкінішке орай, қоршаған
ГИМНАЗИЯ БАСШЫСЫ ТІЛЕУБАЙ СӘНИЯ ӨСКЕНБАЙҚЫЗЫ «ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫ»  МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
20
апрель
2022
ГИМНАЗИЯ БАСШЫСЫ ТІЛЕУБАЙ СӘНИЯ ӨСКЕНБАЙҚЫЗЫ «ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 35
    Тәуелсіздік таңының атуына қозғалыс әкелген Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай, «Желтоқсан Ақиқаты» патриоттық қозғалысының республикалық төрағасының бірінші орынбасары – Мамбетбаев Ералы Нүсіпқожаұлы мен Алмалы ауданының төрағасы – Қалмақбаев Ғани Әбмуталипұлы, М.Мақатаев атындағы қарашаңыраққа ат басын бұрды. Жақсылықтың жаршысындай тосыннан келген ардагерлеріміз ерекше ықыласы мен сүйіншісін арқалай келіпті. Білім беру саласына ерен еңбегі сіңген білікті де дарынды басшы, М. Мақатаев
Қалалық "Кубок KING, S GAMBIT"  –  2022» шахмат турнирі
20
апрель
2022
Қалалық "Кубок KING, S GAMBIT" – 2022» шахмат турнирі
     Алматы қалалық шахматтан өткен "Кубок KING, S GAMBIT"  –  2022» турнирінде Өсербай Бейбарыс Ғалымжанұлы алғыс хатпен марапатталды. Жеңісті күндер көбейе берсін, Бейбарыс. Сәттілік тілейміз!
Руспубликалық теннистен өткен “Жасыл доп” турнирі
19
апрель
2022
Руспубликалық теннистен өткен “Жасыл доп” турнирі
    Руспубликалық теннистен өткен “Жасыл доп” турнирінде 1-орын алғаны үшін Арыстанбеков Жасұланды жеңісімен құттықтаймыз. Шығар шыңдарыңыз, алар асуларыңыз, бағындырар белесіңіз таусылмасын.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
18
апрель
2022
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
    Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің құқық негіздері пәнінен 9-сынып оқушысы Ермекова Меруерт І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы. Жеңістеріңіз құтты болсын! Биіктерден көріне беріңіздер!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
18
апрель
2022
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада
    Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен І дәрежелі дипломмен марапатталған 11-сынып оқушысы Бисен Таңнұрымды құттықтаймыз!  Білім бәсекесінде топ жарып, талантыңыз бен біліміңіз арқылы бағындырарыңыз таусылмасын. Асқаралы шыңдардан көрініп, есіміңізбен ел аузында жүріңіз. Біз сізбен мақтанамыз!