Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Последние публикации на сайте » Страница 114
Қашықтықтан өткен қалалық балалар арасындағы сурет байқауы
21
апрель
2021
Қашықтықтан өткен қалалық балалар арасындағы сурет байқауы
    Өнер – халық тарихының шежіресі десек, осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Гимназиямыздың талантты шәкірттері: Жалғасбай Назерке, «Менің сүйікті қалам Алматыда - күз» атты, қашықтықтан өткен қалалық балалар арасындағы сурет байқауында ІІ орынға ие болса; Жексенбекова Зарема, «Листая страницы» атты, қалалық балалар шығармашылығы сурет байқауында,  қазақ жазушыларының шығармашылығын арқау етіп, өз ойларын сурет арқылы өрнектеп,
ХІІІ Республикалық байқау
21
апрель
2021
ХІІІ Республикалық байқау
   Черлидингтан Қазақстан Ұлттық Федарациясының ұйымдастыруымен 17-18 сәуір күндері аралығында өткен, ХІІІ Республикалық байқауда, гимназиямыздың Жумалиева Айгерім өнер көрсеткен Лина Борисовнаның «Незабудки» командасы, данс-фристайл номинациясы бойынша, І дәрежелі орынға ие болды.
Таеквондодан ашық Республикалық турнир
21
апрель
2021
Таеквондодан ашық Республикалық турнир
   Алаш спорт клубы ұйымдастырған, таеквондодан ашық Республикалық турнирде, 10-11 жас аралығындағы балалар арасында, 32кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жүлделі І орынды жеңіп алған, М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың мақтанышы – Жамангараева Аружанды, жеңісімен құттықтап, алдағы шығармашылығы мен өмірлік жолына сәттілік тілейміз!
"Білімділер бекеті" тақырыбында пікірсайыс болып
20
апрель
2021
"Білімділер бекеті" тақырыбында пікірсайыс болып
   Сәуір айының 20-жұлдызында гимназиямыздың 8-сынып оқушылары арасында "Білімділер бекеті" тақырыбында пікірсайыс болып өтті. Талқыға түскен қарар "БП Онлайн оқу жүйесін тұрақты тәжірибеге айналдырады".  Әлемдік пандемиямен қатар келген онлайн оқу жүйесін қолдаушылар мен қарсы тарап өз ойларын ортаға салды. Аталмыш шараға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 3-курс студенттері қатысып, көрсетілім ойындарын ойнап, тәжірибелерімен бөлісті.
Гимназия аймағына 100 тал егілді
18
апрель
2021
Гимназия аймағына 100 тал егілді
Әр талды егіп, дедің: "Өссін, көгерсін!", Әлі-ақ ертең жайқалғанын көрерсің. Өскен кезде өзгелерге көрсетіп, "Тал еккін!" деп кеңес айта жүрерсің. Сен еккен тал ертең жаяр жапырақ. Әр бұтағы өніп-өсер шашырап. Жасыл желек аймағына айналар, Кеше ғана бос жатқан бұл атырап. Еккен талды саялайды талай жан, Көлеңкелі жер таптым деп маңайдан. Тостағандай құс ұясын көрерсің, Төбесінен әрбір талдың қарайған. Жердің тоңы жібігенде тал ектің, Барын берер адамзатқа керектің. Осы жерден жәндіктер де
“Грэпплинг” бойынша Қазақстан Чемпионаты
17
апрель
2021
“Грэпплинг” бойынша Қазақстан Чемпионаты
    Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру комитетінің ұйымдастыруымен, 12-13 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер арасында өткен “Грэпплинг” бойынша Қазақстан Чемпионатында, гимназиямыздың жан-жақты, алғыр шәкірті - Уалихан Алдияр, 42кг салмаққа дейінгі жарыс додасында,  жүлделі ІІІ дәрежелі дипломды қанжығасына байлады.
Чернобыль атом электростанциясы
16
апрель
2021
Чернобыль атом электростанциясы
   Биыл Чернобыль атом электростанциясындағы ядролық апаттың орын алғанына 35 жыл толып отыр. Осыған орай  М. Мақатаев атындағы №140 гимназияда 7 сыныптар арасында онлайн дөңгелек үстел өтті. Дүниежүзіндегі атом энергетикасы тарихындағы ең ірі жарылыстың зардабын жоюға 800 мыңдай адам қатысса, оның 32 мыңы қазақстандық еді. КСРО құрамына кіретін 15 республикадан әскерилер мен партизандық қызметке қосымша күштер тартылды. Олардың ішінде қазақстандық азаматтар да бар еді. Алайда атом станциясынан
«BIG BEN» Халықаралық академиясы
15
апрель
2021
«BIG BEN» Халықаралық академиясы
   Халықаралық академияның  «BIG BEN»  ағылшын тілі бойынша өткізген байқауында Мусабек Айшабибі - І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ілім - білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында ел кәдесіне жарататын болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болуларына тілектеспіз.
Республикалық Sabaq.kz сайты
15
апрель
2021
Республикалық Sabaq.kz сайты
    Республикалық Sabaq.kz  ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайты өткізген Математика пәнінен оқушылар арасында қашықтық олимпиадасында М.Мақатаев атындағы №140 гимназиямыздың шәкірті - Донаев Абылай Санатович, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
ІІ Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасы
15
апрель
2021
ІІ Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасы
    Дарын онлайн білім беру платформасы мен Қазтест олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған ІІ Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасында М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның ұлағатты ұстазы Ляззат Сыздыкова ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.