08
май
2021
ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
Біз бақытты жандармыз, себебі Отанымыздың бейбіт аспаны астында дүниеге келдік. Ешқашан зеңбіректерден жауған оқтардың, жарылған бомбалардың даусын естіген жоқпыз. Біз аштық пен суықты білмей, өз жақындарымыздың тағдырына алаңдамай өстік. Бізге, бейбіт өмірдегі балаларға, сол бір зұлмат соғыс жылдарындағы ауыртпалықты сезіну қиынға түседі.