Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жетістіктеріміз
14
апрель
2023
Жетістіктеріміз
Шәкіртіміз 1"Ж" сынып оқушысы Мерейқызы Нұрай Халықаралық құстар күніне орай өткен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастырумен Халықаралық байқауына қатысып, сертификат иемденді. Сонымен қатар 1"Ж" сынып оқушысы Сағатбек Ақтанберді Республикалық шахмат чемпионатына қатысып, сертификат иемденді.
Спорт жетістіктері
13
апрель
2023
Спорт жетістіктері
4 "И" сынып оқушысы Аманбай Нұрдәулет Алматы қалалық 2012-2013 жылғылар арасында каратэдан ІІ орын алды. Керемет жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! 
Үздік футболшы
12
апрель
2023
Үздік футболшы
4 "И" сыныбы Қанатов Темірлан 2011-2012-2013 жылғылар арасында ТАШКЕНТТЕ Түрікмендермен, Тәжіктермен, Орыстармен, Өзбектермен футбол ойнап, командамен ІІ орын алды. Шәкіртіміз "ҮЗДІК ФУТБОЛШЫ" атағын жеңіп алды! Құттықтаймыз! Әлемдік деңгейдегі футболшы болуына тілектеспіз!
Сурет байқауы
11
апрель
2023
Сурет байқауы
4 "И" сынып оқушысы Жұмабай Арлан М.Мақатаевтың шығармалар аясында сурет салудан І орын иеленді. Құттықтаймыз! Биік шыңдарды бағындыра беруіне тілектеспіз!
CAMERATA KAZAKHSTAN
10
апрель
2023
CAMERATA KAZAKHSTAN
Мектебіміздің талапты талантты, өнерлі, білімге құштар шәкірттері Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясында Қазақстанның Халық артисі Гауһар Құрманбекқызы Мырзабекованың жетекшілігімен "CAMERATA KAZAKHSTAN" камералық oркecтpі мен А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған РҚММИ оқушыларының концертін тамашалап қайтты. 
"Өз жұлдызыңды жақ"
06
апрель
2023
"Өз жұлдызыңды жақ"
Бастауыш сынып мұғалімі Мухсина Мадина Маратбекқызы "Өз жұлдызыңды жақ" байқауының аудандық кезеңінен 3-орын алды. Құттықтаймыз! Жас мамандар арасында сынға түсіп, өз өнерін ортаға салып, тәжірибесімен бөліскен ұстазымызға тек шығармашылық табыс тілейміз!
Спорт жетістіктері
04
апрель
2023
Спорт жетістіктері
7 “А” сынып оқушысы Асылбек Нурали дзюдо күресінен кіші жасөспірімдер ұлдар арасындағы Әлиев Қаленді еске алуға арналған турнирде +55кг салмақ дәрежесінде 1-орын алды. Құттықтаймыз!!! Шәкіртіміздің биіктерден көрініп, әлемдік деңгейдегі спортшы болуына тілектеспіз. 
Жетістіктеріміз
03
апрель
2023
Жетістіктеріміз
5 "Е" сынып оқушысы Мергенбай Алдияр каратэден қалалық жарыстан 1-орын иеленді. Шын жүректен құттықтаймыз! Биіктерден көрініп, әлемдік деңгейдегі спортшы болуына тілектеспіз!
Ахмет Байтұрсынұлы мұражайына саяхат
31
март
2023
Ахмет Байтұрсынұлы мұражайына саяхат
9 “А” сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынұлы атындағы музейге барды. Ұлт ұстазының өмірімен, шығармашылығымен танысып, қызықты ақпараттар біліп, білімдерін толықтырып қайтты😊👏  
"Мұзбалақ" пікірсайыс клубы
30
март
2023
"Мұзбалақ" пікірсайыс клубы
Алматы қаласы мектептерінің арасында "Техникалық және кәсіптік білімнің беделі" тақырыбында өткізілген дебат турниріне мектепбіміздің "Мұзбалақ" пікірсайыс клубы қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!