Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ер мен елдің жеңісі» оқушылардың шығармашылық көрмесі
08
май
2021
«Ер мен елдің жеңісі» оқушылардың шығармашылық көрмесі
   Жеңіс күніне орай гимназиямызда «Ер мен елдің жеңісі» атты, оқушылардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.  Бейбіт күннің жасұландары  өткен тарихымызбен сыр шертіп, елінің ертеңінен үміт үзбей бейбітшіліктің туын тіккен ата – бабаларымызға деген алғысын әр оқушы бейнелеу өнері арқылы шебер бейнелеген. Қатысушылардың көрмедегі жұмыстарымен таныс болыңыздар.
ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
08
май
2021
ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
    Гимназиямыздың әкімшілік ұжымы соғыс және тыл ардагерлерін айтулы мерекеде қалыс қалдырмай, құттықтап шықты. Ардагерлеріміздің жай-күйімен таныс болып, ақшалай сыйлық табысталды. Сонау сұрапыл соғыста елі, жері үшін қасық қаны тамғанша күрескен ардагерлеріміздің ерліктері ұмытылмақ емес! Ардагерлерімізді ардақтайық!
ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
08
май
2021
ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ
   Біз бақытты жандармыз, себебі Отанымыздың бейбіт аспаны астында дүниеге келдік. Ешқашан зеңбіректерден  жауған оқтардың, жарылған бомбалардың даусын естіген жоқпыз. Біз аштық пен суықты білмей, өз жақындарымыздың тағдырына алаңдамай өстік. Бізге, бейбіт өмірдегі балаларға, сол бір зұлмат соғыс жылдарындағы ауыртпалықты сезіну қиынға түседі. 
«Русский Медвежонок – языкознание для всех» атты халықаралық байқау
07
май
2021
«Русский Медвежонок – языкознание для всех» атты халықаралық байқау
   «Дарын Лэнд» интеллектуалды орталығы ұйымдастырған «Русский Медвежонок – языкознание для всех» атты халықаралық байқауында, М.Мақатаев атындағы №140 гимназия шәкірттері ерекше өнер көрсетіп, Сержанұлы Альтаир, Кистаубаева Сабина, Омирбек Алуа, Дінмұхамед Кәусар, Кенжебекова Нұрила, Жумагулова Аянат, Жамангараева Аружан, Адиль Акзер  – жүлделі І орын иегерлері атанды.
"Этих дней не смолкнет слава..." атты жоба
07
май
2021
"Этих дней не смолкнет слава..." атты жоба
   Жеңіс күнінің құрметіне, Қазақстан мен Ресей ұстаздар бірлестігі мен Халықаралық "Алые паруса" балалар орталығының ұйымдастыруымен өткен "Этих дней не смолкнет слава..." атты жобада, "Ең сезімтал орындау" номинациясы бойынша І орын иеленген, гимназиямыздың 3-сынып оқушысы, Расупова Малика мен Шакен Алуаның  жүлделі жеңістерімен құттықтаймыз.
"Орыс классикасын оқимыз" атты Республикалық байқау
07
май
2021
"Орыс классикасын оқимыз" атты Республикалық байқау
   Халықаралық инновациялық, инттеллектуалды дамыту орталығы ұйымдастырған "Орыс классикасын оқимыз" атты Республикалық байқауда, гимназиямыздың 6-сынып оқушысы - Бескулан Асфандияр, "Ең шынайы орындау" номинациясы бойынша, ал Ибраимов Батыр "Шын жүректен орындау" номинациясы бойынша І орын иегерлері атанды.
"Акробатика" бойынша Қазақстан Жастары
06
май
2021
"Акробатика" бойынша Қазақстан Жастары
   Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен, "Акробатика" бойынша Қазақстан Жастары арасындағы чемпионатта жүлделі ІІІ дәрежелі орынды иеленген гимназиямыздың талапты әрі талантты шәкірті - Мавлен Ханшайымды жеңісімен құттықтай отырып, алдағы өміріне толағай табыстар тілейміз.
"7 – мамыр" Отан қорғаушылар күні
06
май
2021
"7 – мамыр" Отан қорғаушылар күні
06.05.2021ж. күні 1-11 сыныптар арасында,  оқушыларға сарбаздар, Отан қорғаушылар жайында әңгімелеп беру,  дүниетанымдарын кеңейту, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу мақсатында, «Жас ұландар – мақтанышы елімнің!» атты сынып жетекшілерінің жетекшілігімен тәрбие сағаттары өткізілді.  Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіре отырып, өзара құттықтауларын жеткіздік. Ұлы отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге батыл да ержүрек болуға, елін, жерін жаудан қорғай
«Адалдық – ардың ісі» атты онлайн мәнерлеп оқу байқауы
05
май
2021
«Адалдық – ардың ісі» атты онлайн мәнерлеп оқу байқауы
    2021 жылдың сәуір айында Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі мен Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің ұйымдастыруымен, гимназиямыздың аяулы ұстазы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Ы.Алтынсарин атындағы «Үздік педагог»  төсбелгісі мен «Құрмет» орденінің иегері, ұстаз-ақын Сафура Сәлімбайқызы Темурбаеваның, шығармашылығына арналған «Адалдық – ардың ісі» атты онлайн мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Байқауға атсалысқан барша
«Тойжарыс-Талант»
05
май
2021
«Тойжарыс-Талант»
    Исі қазақтың рухани досы, сырласына айналған қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Тойжарыс-Талант» ұйымдастырған «Қарлығашым, келдің бе?» ІІ Республикалық аламанда топ бойы оза шауып бас бәйгені қоржынына гимназиямыздың шәкірттері: Қадылбек Мейіржан, Абатбай Мақсат қанжығаласа, Бауыржан Ерасыл мен Бейсенбай Санжар, Амангелді Ерсұлтан, Сәрсенбек Жания – жүлделі І дәрежелі диплом иегері атанды. Ал, Ерланұлы Нұрсұлтан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазақ