05
ноябрь
2025
Инновация мен ізденіс: робототехникадағы жаңа мүмкіндіктер
М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның робототехника үйірмесінің жетекшісі Манапбай Заңғар Нұрсәбитұлының «Шығармашылық пен технология түйіскен орта: робототехника үйірмесінің мүмкіндіктері» атты мақаласы "Мұғалім мерейі" республикалық ақпараттық-танымдық педагогикалық журналында жарияланды. Бұл мақалада оқушылардың инженерлік ойлауын дамыту, STEM бағытындағы практикалық дағдыларды қалыптастыру, инновациялық жобаларды жүзеге асыру және халықаралық робототехника жарыстарындағы жетістіктері туралы кеңінен баяндалған.









