17
апрель
2025
Жұмыс істей білген адам, демала да білуі керек.
Жұмыс істей білген адам, демала да білуі керек. Бүгін Алатаудың етегінде, Алма-Арасанның төрінде, “Атажұрт“ демалыс орнында М.Мақатаев атындағы гимназияның 6”З” сыныбының оқушылары ата-аналарымен, сынып жетекшісі Ермек Жексенбайұлымен демалып қайтты. Тас қаладан - тау далаға бет алып, қаланың даңғаза шуынан бір сәтке арылып, телефонға телмірмей, таза ауа жұтып, тамаша табиғаттың куәсі болды. Бала көңілдері шат, ойыннан рас шаршады. Балалар да мәз, ата-аналар да мәз, сынып жетекші де мәз
https://www.instagram.com/p/DI6O-WpChuc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/DI6O-WpChuc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==





