Алматы қаласы Білім басқармасының
"Мұқағали Мақатаев атындағы
№140 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 376–44–88
Есепші бөлімі:
+7(727) 376–47–18
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың құқықтың мәселелері
06
апрель
2024

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың құқықтың мәселелері

      ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-де 2024 жылдың 6 сәуіріндегі  №7 педагогикалық педкеңесте «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың құқықтың мәселелері» тақырыбында құқық пәні мұғалімі  Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы баяндама оқыды. Педкеңеске 141 ұстаз қатысты. 
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
      Егер сыйлықтың құны екi айлық есептiк көрсеткiштен аспаса, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамның бiрiншi рет сыйлық түрiнде мүлiкті, мүлiкке құқықты немесе өзге де мүлiктiк пайданы алуы бұрын жасалған заңды әрекеттерi (әрекетсiздігі) үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды және тәртiптiк немесе әкімшілік тәртіппен қудаланады.
366-БАП. ПАРА АЛУ
367-БАП. ПАРА БЕРУ
368-БАП. ПАРАҚОРЛЫҚҚА ДЕЛДАЛ БОЛУ
676-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
      Жеке тұлғалардың мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаларға немесе оларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуі, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
  1. Пара алу туралы әңгіме астарлы сипатта болады. Даулы мәселелерді дұрыс шешу үшін ол оған ақша береді немесе қандайда бір қызмет көрсетеді, ешқандай «қауіпті» мәнерге жол бермейді;
  2.  Әңгімелесу барысында куәгерлер не аудио, бейнетехникалар болған жағдайда пара беруші бұл мәселені басқа жағдайда (басқа уақытта, басқа жерде) талқылауға дайын екендігін қолмен немесе ымдау арқылы жеткізеді;
  3.  Параның соммасын немесе сипатын дыбыстай алмағанда, қағаз бетіне сәйкес цифрларды жазу арқылы немесе калькуляторға немесе компьютерге цифрлар санын теру арқылы ықтимал пара алушыға белгі береді;
  4.  Пара алушы кенеттен әңгімесін үзіп мәліметтер салынған папканы, конвертті, портфельді, оралған затты қалдырып сыпайы түрде бөлмеден шығып кетеді;
  5.  Пара беруші мәселесін дұрыс шешу үшін басқа адамның ұсынысына да жүгінуі мүмкін.
   Аталған баптарды басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізу - әр мұғалімнің басты міндеті. Заңға қайшы әрекеттер жасауға қатаң тыйым салынады.  

Педкеңестің шешімі бойынша: 
  1. Ұжымның әрбір мүшесі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамалармен танысып, заңнама аясында жұмыс жасау міндеттелсін.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: