26
октябрь
2023
"Нашақорлықтың зияны және оның салдары"
"Наркостоп" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қазанның 26-сы аддиктолог Тажибаев Ерлан Бегуллаевич "Нашақорлықтың зияны және оның салдары" атты дәріс өткізді. Ерлан Бегуллаевич дәріс барысында нашақорлықтың адам өміріне тигізер залалы жайында түсіндіріп, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Дәріс барысында нашақорлар және олардың күнделікті өмірлері жайында, нашақорлықтың таралу жолдары туралы талқыланды. Есірткі айналымына байланысты Заң баптары айтылып, заңмен жазалану жауапкершілігі түсіндірілді. Гимназия оқушылары осы тақырыпта өз ойларын ортаға салды.