17
январь
2023
Бос орындарға конкурс жарияланды!!!
Бос орындарға конкурс жарияланды!!!
Бос орындарға конкурс жарияланды!!!Бос орындарға конкурс жарияланды!!!
«М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» КММ
050046, Алматы қласы, Түркебаев көшесі, 233
Тел.Факс: 376-44-88
school140_ Бастауыш сынып мұғалімі 1 бос орын лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу 2023 жылғы 17 қаңтар тағайындалсын.Қызметтік міндеттері: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылдың 13 шілдесіндегі №338 «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» бұйрығының 64-65 т. сәйкес. Құжаттар 23.01.2023 ж. дейін қабылданады. Бос қызмет орнына жұмысқа кіруге арналған конкурсқа қатысу үшін белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылдың 21 ақпанындағы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, құжаттар белгіленген мерзімде тапсырылуы тиіс, атап айтқанда:
- Осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес қосымша құжаттар тізімі форма бойынша көрсетілген конкурсқа қатысу туралы арыз;
- Жеке тұлғаны куәландыратын құжат немесе сандық құжаттар қызметі берген электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
- Толтырылған кадрлерді тіркеу парағы (іс жүзінде тұратын мекен-жайы мен (болса) байланыс телефоны көрсетілген);
- Педагог үлгілік біліктілік сипаттамасында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай білімі туралы құжаттарының көшірмесі;
- (болса) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылдың 30 қазанындағы №ҚР ДСМ-175-2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есеп құжатнамасы формаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 нөмірмен тіркелген);
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі қарай – ҰБТ) немесе (болса) педагог-модератор, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санаты бар екендігі туралы куәлік;
- 11-қосымшадағы формаға сәйкес педагогтың бос орнына немесе уақытша бос орнына талапкердің Бағалау парағында көрсетілген және оқушылар мен педагогтердің КБ курстарынан өткендігін растайтын басқа да құжаттар;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылдың 21 ақпанындағы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, көрсетілген бос орындарға конкурс 2022 жылдың 26 қазанында өткізіледі.